07.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

388788
07.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «ПКК-ның қанды жоспары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жауыздықта шегі жоқ террор ұйымы ПКК халықтан қолдау көрмеген соң өзін ақтау үшін әр әдісті қолданады. Ұйымның жаңа қанды жоспары өздеріне жанды қалқан болған жазықсыз адамдарды өлтіріп, қылмысын қауіпсіздік күштеріне жүктеу. Қанды жоспар террористтердің рациямен әңгімесінде ортаға шықты. Операцияларда қатты соққыға түскен террор ұйымы ПКК ерікті сарбаз таба алмай отыр. ДАИШ-тен айнымаған ПКК-ның тағы бір нысанасы болса күрдтерді Исламнан алыстату.
Ватан газеті «Отандық автокөлік Министрлер кеңесінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ғылым, өнеркісіп және технология министрі Фикри Ышык отандық автокөлікпен байланысты жұмыстарын бар жылдамдықпен жалғасқанын атап айтты. Электрмен жұмыс істейтін отандық автокөлік осы апта Министрлер кеңесіне ұсынылады. Биыл 3 данасы өндірілетін көліктің прототиптерін жетілдіру жұмыстары жалғасады. 2016 жылы болса топтық өндіріс басталып, алаң, климат және маусым шарттары сынақтары өткізіледі. Зауыттағы өндірісі 2020 жылынан бұрын басталады.
Йени шафак газеті «Таяушығыс елдерімен тығыз сауда кезеңі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның ресми сапармен барған Жапония мен Түркия арасындағы сауда көлемі 3.6 миллиард доллар деңгейінде. Түркияда 2014 жылы 183 жапон фирма жұмыстары көрсетті. Түріксат 4А (Türksat 4A) және Түріксат 4B (Türksat 4B) коммуникациялық жер серіктері де Түрік-жапон ортақтығымен өндірілді. Келесі жылдары аяқталуы жоспарланған үлкен жобалар арасында Измит шығанағы трассасы мен Синоп Атом электр станциясы бар.
Сабах газеті «Иран Түркияның тәжірибесіне үміткер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Батыспен эмбарго кедергісінен құтылған Ирандағы текстил өндірушілері Түркиядан технология сұрады. Өндірушілер түрік киім өндірушілеріне «Қаржылай инвестиция шарт емес. Капитал бізден, технология сізден» деді. 2-5 қазан күндері 50 адамнан тұратын делегациямен Тегеранға барған Стамбұл текстил және шикізаттары экспортшылар одағы Иран текстил саласы өкілдерімен басқосты. Түрік фирмалары эмбаргоның жойылуымен Иранның 6.5 миллиард долларлық текстил импортының маңызды бөлігіне үміткер.
Миллийет газеті «Әлемнің түстері өнерсүйер қауыммен басқосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкара Замандас өнерлер орталығында 30 елден 60 өнерпаздың шығармасы көрмеге салынған Әлемнің түстері көрмесі басталды. Еуропаның маңызды коллекционерлерінің бірі «Ernst August Quensen»-ның коллекциясында орын алған 1950 жылы Замандас Еуропа суретіне бағыт берген ‘Зеро өнер қозғалысын’ бастаған өнерпаздардың шығармаларынан тұратын көрме өнерсүйер қауымға ұсынылды. Көрме 31 қазан күніне дейін ашық болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар