13.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

302780
13.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті экспорт хабарына орын берген. Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда, жылдың алғашқы 4 айында әуежолымен жасалған экспорт өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48,55 пайыз артып, 8 миллиард 457,6 миллион долларға жетті. Әуе жолымен жасалған экспорттың 2014 жылғы мөлшері 14,1 миллиард доллар болса биылғы жылың алғашқы 4 айында аталмыш көрсеткіштің 70 пайызы игерілді.
Сабах газеті «Бейбітшілік үдерісі түрік елшіге аманат» атты хабар жариялаған. Филиппинде өткен жылы үкіметпен келісімге келген Моро Ислами азаттық майданы келесі апта қару тастауды жоспарлап отыр. Филиппин үкіметі мен ұйым арасындағы үдеріс 16 маусым күні басталады. Хабарға қарағанда, қару тастау үдерісін Түркияның сол елдегі өкілетті елшісі Хайдар Берк басшылығындағы тәуелсіз комитет бақылайды. Моро Ислами азаттық майданы шамамен 40 жылдық жікшілдік қозғалысынан кейін 2014 жылдың 27 наурыз күні үкіметпен келісімге келген болатын. Шамамен 40 жылда 120 мың адам қаза тапқан еді.
Йени Шафак газеті әскери өнеркәсіпке орын берген. ТУСАШ-Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі Парижде өтетін көрмеге отандық өнімдерді шығарады. 15-21 маусым күндері болатын 51-ші Халықаралық Париж авиация көрмесінде Т129 Атак және Анка ұшағы таныстырылады.
Шабуыл және тактикалық барлау міндеттері үшін көп мақсатты түрде жобаланған жаңа буын Т129 Атак тікұшағы Түрік қарулы күштерінің мұқтаждықтарына сай жасалды. Бұл тікұшақ әлемде ең ықпалды шабуыл тікұшағы атағын да өз қолында ұстап тұр.
Хабер Түрік газеті «Күн энергиясын өндіреді» деген хабар жариялаған. Хабарда «Жер шарының энергия мұқтаждығы үшін жұлдызға шығады» деп жазылған. Францияда жасалып жатқан 18 миллиард долларлық «Iter Termonükleer» реакторы арқылы ғалымдар әрі таза, әрі шексіз энергия өндіруді армандайды.
Ватан газеті «350 миллион долларлық яхтасымен келеді» деген хабарға орын берген. Мугланың Бодрум ауданында дәстүрлі сарай сәулетімен салынған бір қонақүй қонақтарын қабылдай бастады. Хабарға қарағанда, алдымыздағы ай Дубай әмірі Шайх Мұхаммед Бин Рашид Әл Макдум да осында келеді. Дубай әмірі Шайх Мұхаммед Бин Рашид Әл Макдум алдымыздағы ай ұзындығы 16 метрлік 350 миллион долларлық яхтасымен қызы Ханшайым Шека Махрамен бірге Бодрумға келіп, осында демалады.
Стар газеті болса сұлулық сайысына орын берген. Miss Turkey 2015 Сұлулық сайысында 18 жасар волейболшы Эджем Чырпан Түркияның ең сұлу қызы атанды. Түркияның ең сұлу қызының бойы 1,85 метр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар