10.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

299122
10.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Бизнес әлемі тұрақтылықты қалайды» деген тақырып қолданған.
Хабарға қарағанда бизнес әлемі саяси партияларға шақыру тастап, «13 жылдан бері жалғасып келе жатқан экономикалық саясаттарды үзбейтіндей тұрақтылық пен сенімді жалғастыратын бір коалиция күтеміз» деді. Түркия палаталар және биржалар одағы бастаған кәсіптік қауымдастықтардың мәлімдемесінде тұрақтылыққа назар аударылды. Палаталар және биржалар одағы төрағасы Рифат Хисарджыклыоғлу «Белгісіздік еліміз үшін жақсы емес. Біз бәріміз бір кемеде отырмыз. Осыны ұмытпай, бірге жұмыстанып, мәселелерді шешуге болады» деді.
Йени Шафак газеті «Оңтүстік Африкаға ГАП үлгісі» деген тақырыпқа орын берген. Түркияның Оңтүстік шығыс Анадолы жобасы ГАП аясында судың тиімді қолданылуындағы тәжірибесі Оңтүстік Африка елдеріне үлгі болады. БҰҰ басшылығында Марокко, Уганда және Буркина Фасодан келген 25 адамдық инженерлер тобына Шанлыурфада бір апта бойы жоба түсіндіріледі. ГАП-тың тәжірибелі түрік координаторлары Африка елдерінде егіншілік сулауда тиімділік және өндірісті арттыру жұмыстары аясында жиған-тергендерін әрі теориялық, әрі практикалық жағынан бөліседі.
Миллиет газеті «Rezidor 'Park Inn» Түркияда» деген хабар жариялаған. Әлемдегі беделді қонақүйлердің бірі «Park Inn» Түркияға келді. Хабарға қарағанда «Park Inn by Radisson İstanbul Atatürk Airport» қонақүйі қызметке ашылды. Carlson Rezidor тобының Орталық Азия және Түркиядағы басшысы Марк Вильс Стамбулдағы инвестицияларына жаңасын қосқандарын айтып, брендтің Түркияда дамуы үшін үлкен әлеует бар екенін атап көрсетті.
Хүрриет газеті де Түркия жөніндегі жақсы бір хабарға орын берген. Кардашиандардың ең жасы Кендал Дженнер кеше Анталияда болған шоу аясында сахнаға шықты. Сән шеруде модель ретінде сахнаға шыққан Дженнер 4 киім киді. Атақты модель баспасөз мәслихатында «Түркияға бірінші рет келуім. Өте тамаша ел екенін естіп едім. Шыныменен де мен естігендей тамаша екен» деді.
Хабер Түрік газеті «Әлемнің сүйікті түсі – көк» деген хабарға орын берген. 4 құрлықта 10 елде жасалған зерттеуде адамдар сүйетін түстің көк екені ортаға шықты. Адамдардың 20 пайыздан көбі көк түсті жақсы көреді. Екінші кезекте қызыл, үшінші кезекте күлгін түс келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар