09.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

297914
09.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабертүрік газеті «Мәжілістің үштен екісі өзгерді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) депутаттарының көпшілігі өзгерді. 550 депутаттан тұратын мәжілістің 369 депутаты өзгерді. Әділет және даму партиясы 151, Республика Халық партиясы 85, Ұлтшыл қозғалыс партиясы 61, Халықтардың демократия партиясы 72 жаңа депутатпен мәжілісте өкілдік жасайды. Жаңа Мәжіліске әйелдер қол таңба қалдырды. 550 депутаттың 97-сі әйелдерден тұрады. Үкімет құру сценарийлері үшін жұмыстар басталды. Сценарийлер арасында Әділет және даму партиясымен екі жақты коалиция, басқа үш партия арасында құрылатын үштік коалиция немесе Әділет және даму партиясы азсанды үкіметі құру ықтималдары бар. Тағы бір ықтимал болса ерте сайлау.
Сабах газеті «Сыртқы істер министрлігінен онлайн нота кезеңі басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда шетелдіктердің одан жеңіл Түркия визасы алуы үшін іске қосылған «е-виза» (электронды виза) жүйесінің артынан Сыртқы істер министрлігі жаңа бір жобамен министрлік жасайтын дипломатиялық жұмыстардың көпшілігін электронды күйге келтіріп, дипломатиялық портал жүйесі сайтын ашты. Министрлікпен дипломатиялық миссиялар арасында байланыс орнату және қарым-қатынастарды күшейту мақсатты құрылған сайт Түркияға келген дипломаттардың куәлік алуы, сенім хаты тапсыру, жеке салықтан босату сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Йени шафак газеті «Стамбұлды 5 айдың ішінде 4.5 миллион турист аралады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 7 пайыз артқан турист саны 4 миллион 589 мың 41 туристке жетті. Өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда әуе жолымен келушілер саны 6.8 пайыз, теңіз жолымен келушілер саны да 9.9 пайыз артты. Қалаға келген туристтердің елдеріне қарағанда алғашқы кезекте 10.3 пайызбен немістер орын алады. Американдық, ағылшын, француз, голландиялық, оңтүстік кореялық, қытайлық, ирандық және сауд арабиялық туристтер де көп келуші туристтер арасында.
Миллийет газеті «2-ші Автономия классикалық автокөлік жарыстары екі күнге жалғасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкарада ашылу рәсімін күткен Еуропаның ең үлкен автокөлік орталығы ретінде «Автономия» тарапынан ұйымдастырылатын екінші автокөлік жарысы 13-14 маусым күндері аралығында өтеді. Эсенбоға жолы үстінде 375 мың текшеметрлік алаңда 2013 жылы құрылыс жұмыстары басталған «Автономия» Еуропаның ең үлкен автокөлік сауда ауылы болады. Автономия жұмыс орындары және әртүрлі әлеуметтік жабдықтауымен толығымен бір «Автокөлік орталығы» болады.
Стар газеті «Стамбұлда жұлдыздар шеруі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда соңғы жылдары халықаралық музыканттардың ең маңызды аялдамаларының бірі Стамбұл осы жолы үш атақты музыкантқа қонақжайлық жасайды. Шығыс пен батыс музыкасын жетік қолданатын ‘Джаздың ханшайымы’ Азиза Мұстафазадех бүгін кешкі уақытта Стамбұлда сахнаға шығады. Соул музыкасының танымал тұлғаларының бірі Карлтон Жэй Смит болса ертең концерт қояды. Скрипкасымен тыңдаушыларының көңілін көтерген ‘скрипканың аруы’ лақапты Линдси Стирлинг де 14 шілде күні Стамбұлда сахнаға шығады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар