08.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Түркияда өткен жалпыхалықтық сайлауға кең орын берген.

296504
08.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Төрт партиялы Мәжіліс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда сайлау қорытындысы Түркия үшін қайтадан «коалиция үкіметі» ықтималын күн тәртібіне әкелді. Ешбір партия жалғыз өзі үкімет құру үшін қажетті 276 депутат шығару шартын орындай алмады. Осы себепті араларында ерте сайлау ықтималы да бар әртүрлі сценарийлер күн тәртіпке келді. Әділет және даму партиясы (AK) азсандылар үкіметімен ерте сайлау сценарийіне қарағанда Әділет және даму партиясы 259 депутатпен азсанды үкіметін құрып, сайлаудың қайталануын талап етуі мүмкін. Кеше кешкі уақытта Әділет және даму партиясында өткен алғашқы талқылауда әсіресе бұл ықтималды қолға алды. Басқа сценарийлерut қарағанда Әділет және даму партиясы мен Республика халық партиясы (CHP) құратын коалиция, Әділет және даму партиясы (AK) мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы (MHP) құратын коалиция, Әділет және даму партиясы мен Халықтардың демократия партиясы (HDP) құратын коалиция және Республика халық партиясы, Ұлтшыл қозғалыс партиясы және Халықтардың демократия партиясы арасында құрылатын коалиция.
Стар газеті «Әйел депутат саны рекорд жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Республика тарихында әйел депутат санында рекорд жасалды. 550 орынды Мәжілістің 92 орнында енді әйелдер отыратын болады. 2011 жылы Мәжілісте 79 әйел депутат бар болатын. Әйелдердің өкілдігі 14.3 пайыздан 16.7 пайызға көтерілді. 2015 сайлауының ең маңызды нәтижелерінің бірі де әйелдердің ТҰҰМ-дегі көрсеткіштерінің артуы болды.
Ватан газеті «Твиттерде #Secim2015 hashtag'i әлем күн тәртібіне айналды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жалпыхалықтық сайлау ел көлемінде болғандай әлем күн тәртібінде де кең орын алды. 7 маусым сайлауымен байланысты қосылулардың саны жүз мыңдардан асса, «#Secim2015 hashtag» арқылы бөлісулер Твиттердың әлем тренді тізімінде шыңға көтерілді.
Йени шафак газеті «Тұңғыш жергілікті трибуна шілде айында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТҮБИТАК басшылығында дайындалған 41 миллион лира бюджеті бар тұңғыш жергілікті жел трибунасы электр өндірісі үшін күтеді. Ұлттық жел энергиясы жүйесі жетілдіру және прототип трибуна өндірісі (MİLRES) жобасы аясында өндірілген және сынақтан өткен тұңғыш жергілікті жел трибунасының діңгектің үстіне орналастырылуы сатысына келінді. ТҮБИТАК Мәрмәр зерттеу орталығы төрағасы Тунабойлу трибунаның алғашқы сатысы ретінде 500 киловатт сағат нұсқауының соңғы жұмыстарының аяқталғанын және Стамбұлда белгіленген орынға орналастырылатынын атап «Жобаның екінші сатысында 2.5 мегаваттық нұсқауының өндіріледі» деді.
Хабертүрік газеті «ГЕНКӨК Түркияда маңызды жұмыстарға қол таңба қалдырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Кайсери Эрджияс Университеті Бетүл Эрен Геном атындағы және жасуша орталығы (GENKÖK), 2012 жылдан бері генетика және жасуша салаларында Түркияның ең үлкен зерттеу орталығы ретінде маңызды жұмыстар жүзеге асыруда. Орталық жасуша емдеу өнімдері өндіреді және қорын жасайды. Орталықта генетикалық картаңызды анықтауға да болады. Тапсырған анализдеріңіз ұзақ жылдар сақтала алады. Зерттеушілер Қырым Конго ауруына қарсы вакцина өндірісінен адам денесіндегі рак жасушасымен күресетін антитела өндірісіне дейін қиялданған көптеген нәрсені нақты нәтижеге айналдыруға тырысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар