06.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер Түркияның жетістіктеріне кең орын берген.

294000
06.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабер Түрік газеті «Түрік ағымында іс басталады» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Энергия министрі Танер Йылдыз Қаратеңіздің астынан өтетін, Фракияға жететін Түрік ағымы табиғи газ құбыр желісінің құрылысының басталатынын жеткізді. Қазір Газпромнан желінің координаттары күтілуде, артынан осы тақырыптағы лицензиялар беріліп, келіссөз аяқталғаннан кейін Ресей айдың аяғында құрылысты бастайды.
Йени Шафак газеті «Еуропаның Түркияға деген сенімі кәміл» деген тақырып қолданған. Биржа Стамбулдың 10 пайызына ортақ болған Еуропа Даму банкінің Түркия директоры Джан Патрик Маркет осы қадамның Түркияға шетелдік инвестицияны арттыратынын айтты. Биыл барлығы 1,75 миллиард евро инвестиция салуды жоспарлағандарын айтқан Маркет «Экономикамыздың шамамен 3 пайыз өсуін күтіп отырмыз» деді.
Сабах газеті «Қытай Түркияда алтын іздейді» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Қытай әлемнің ең ірі алтын қорын құрды. 16 миллиард долларлық Жібек Жолы алтын қоры Түркия, Қазақстан, Иран және Түрікменстандағы жобаларға шоғырланады.
Миллиет газеті «Түркия қанаттанады» деген. Отандық ұшақ жобасы жөнінде мәлімет берген Түрік әуе жолдарының бас директоры Темел Котил алғашқы сатыда өндірілетін 50 дана отандық ұшақтың Түркиямен бірге басқа елдерге де сатылатынын айтты. Котил «Өндіріс аяқталғанда ұшатын тек ұшақ болмайды, түрік азаматтардың сезімдері де ұшады. Сондықтан 2019 жылды сабырсыздықпен күтеміз» деді.
Стар газеті Түрік әуе жолдарына берілген сыйлықтарды хабар қылған. Түрік әуе жолдары ұшақ қаржыландыру саласында алған халықаралық сыйлықтарға тағы бірін қосып, соңғы он жылда алған сыйлық санын 10-ға жеткізді. Мәлімдемеге қарағанда, авиация қаржысының Оскары деп есептелген «'Airfinance Journal» сыйлық кешінде Түрік әуе жолдары екі сыйлыққа лайықты деп табылды.
Ватан газеті «Ұлттық локомотив 2016 жылы жолда болады» деген хабар жариялаған. Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышык отандық локомотивтің 2016 жылы жолға шығатынын айтты. 2011 жылы басталған жобаға 10 миллион лира жұмсалады. 18 ғалым жұмыстанған жоба аясында электрмен жұмыс істейтін отандық локомотив өндіріледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар