04.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер амақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

292854
04.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Сайлауға көп адам қатысады деп ойлаймын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бингөл қаласында халыққа үн қатқан президент Режеп Тайып Ердоған азаматтарды сандыққа шақырды. Ердоған «Сіздерді ұлттық бірлікке шақырамын. Жексенбі күні сайлауға көп адам қатысады деп ойлаймын. Бұл жұмысты мықты қолға алатын болсақ, бізді бөлшектеуге ешкімнің күші жетпейді» деді.
Йени шафак газеті «Түрік ағымы келісімі дайын» атты хабар жарияланған. Хабарға қарағанда орыс газын Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын «Түрік ағымы» жобасында координаттық дайындықтар аяқталып келісім сатысына келінді. Энергия министрі Танер Йылдыз «Жоба Еуропаның газ қажеттілігін қамтамасыз етеді. Еуроодақ бұл жобаның болуын қаласа тапсырыс береді. Бұдан кейінгі кезең Еуропаның мәселесі» деді. Министр Йылмаз өзін қатты толқыған тақырыптардың Ирак мұнайының Түркия арқылы нарыққа шығуы, Ресей және Жапониямен қол қойылған ядролық станция келісімдері және ТАНАП арқылы Каспийдегі мұнай алаңдарының ашылуы екенін атап айтты.
Сабах газеті «380 миллион адам Түрік әуе жолдарының жарнамасын көрді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің ең көп бағытына ұшатын әуе жолы кампаниясы ТӘЖ жарнамаларын әлеуметтік медиадағы YoutTube арқылы қазірге дейін 380 миллион адам тарапынан қаралған. Бұл барлық әлемде 20 адамнан бірінің осы жарнамаға қарағаны деген мағынаға келеді. Аргентиналық футболшы Лионель Месси мен NBA-дің ең жақсы баскетболшысы Коби Бин Брайант ойнаған жарнама фильмі соңғы 10 жылдың ең үздік жарнамасы ретінде сайланды.
Хабертүрік газеті «Стамбұл Еуропада 3-ші, әлемде 5-ші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда MasterCard 132 қаланы қамтыған «2015 жылы нысанаға алынған қалалар индексі» рапортын жариялады. Рапортта Стамбұл биыл Еуропаның ең көп турист тартқан үшінші, әлемнің бесінші қаласы болады. Сингапур мен Нью-Йоркты артта қалдыратын Стамбұл өткен жылы тізімде жетінші орында еді. Рапортқа қарағанда биыл Стамбұлға 12 миллион 560 мың туристтің келуі күтіледі. Келушілер санының 2015 жылы 11.4 пайызға өсетіні болжалған.
Хүррийет газеті «Тарихты құрметтеу үшін су астында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемге танымал түрік сүңгуір Шахика Энжүмен мен Су асты операция сүңгуірлері Османлы кемесі Эртуғрул фрегатының апатқа ұшырауының 125 жылдығын құрметтеу мақсатты судың астына түсті. Сүңгуір тобы кеме батқан аймаққа 125 жылға арналған естелік жазуды тастады. Эртуғрул фрегаты 1890 жылы 15 қыркүйек күні елге оралу үшін Жапонияның Йокогама портынан жолға аттанғанда, тайфун себепті Кушимото маңында суға батқан болатын. Апатта 531 түрік теңізші шәйіт болған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар