31.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

298776
31.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Сүмеланың жоғалған қазынасы табылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Нежметтин Эрбакан Университетінің ұстазы Илкер Мете Мимироғлу Мәдениет және туризм министрлігінің рұқсатымен әлемді аралап, Трабзондағы монастырдан ұрлап шетелге алып қашқан қазынаның ізіне түсті. 100-ге жуық зат бір кітап арқылы танытылады. Ежелгі жәдігерлер бар мемлекеттерден кері қайтаруы талап етіледі. Жәдігерлер арасында Әзірет Иса крестке асылған нағыз крестте орын алады.
Йени Шафак газеті «Түркия инвестиция саласында басым мемлекет» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұлда өткізілген Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция саммитінде сөз алған шетелдіктер Түркияда инвестициялық мүмкіншіліктерге назар аударды. Еуропа іскерлер клубы төрағасы Zbigniew Roch Түркияның аймақтық тұғырының маңызына назар аударып «Көптеген мекеме жекеменшік инвестор және Еуроодақтың бағдарламалары бізге мынаны көрсетеді. Түркия инвестиция салғысы келген баршаның мүддесіне бір ел» деді. Roch ‘Түркия Еуропаның энергия коридорында орын алады. Сондай-ақ басқа мемлекеттерге өту бағыты мен тұрақты бір ел деді.
Ватан газеті «Стамбұлдағы Vialand иллюзия жасап келушілер санын арттырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропаның ең ауқымды жоба категориясында қазылар алқасының сыйлығына «лайық» деп табылған 22 миллион адамды күткен ойын-сауық және дара сауданың басын қосқан Vialand, жаңа жобалармен одан көп келуші санын арттыруды жоспарлайды. Өзінің сахналық ойын-сауықтары үшін жұмыстанған Vialand ойын-сауық орталығында жарықтар және дауыс эффекттерімен иллюзия жасайды.
Стар газеті «Бельгияда саяси партияның ұстанымы сөз еркіндігімен ұйқаспайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Өмер Челик Махинур Өздемирдің армян тезисін қабылдамағаны үшін Бельгияда партиясынан шығарылуының негізгі құндылықтар тұрғысынан қабылданбайтын жағдай екенін мәлімдеді. Твиттер парақшасынан мәлімдеме жасаған Челик бұл ұстанымның Еуропаның сөз еркіндігі тақырыбындағы екі жүзді стандартты тағы бір рет көз алдына жайғанын атап көрсетті. Челик сөз еркіндігіне қарсы партиядан шығарудың жәбірлеу екенін атап «Жәбірлеудің көлеңкесінде сөз еркіндігі болмайды» деді.
Хабертүрік газеті «Bosphours Cup аясында желкенді шоуы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл Юоғазында ұйымдастырылған Bosphours Cup 2015 Бұғаз сатысын 67 желкеннің қатысуымен жүзеге асты. Долмабахчеден басталған және үлкен назар аударған жарысты келушілер Бұғаздың екі жағалауынан қадағалады. Биыл 14-ші рет ұйымдастырылған және 6 мемлекеттен топтар бақ сынаған жарыста Джаддебостан-Каламыш сатысының артынан жеңіске жеткендер бүгін анықталады. Чемпион команда Каламыш Маринадағы рәсімнің артынан кубігін алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар