13.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

272764
13.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Ізіне түсеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Жерорта теңізінде Тобрук су айдынында түрік фирмасына тиесілі жүк кемесін бомбалаған Ливияға қатаң наразылық көрсетті. Ердоған «Бұл түрік байрақты немесе текті кеме емес, COOK Island текті бір кеме дегенмен иесі түрік текті. Расталмаған бір ақпаратты сылтауратып бір кемені бомбалауға болмайды. Қатаң түрде айыптаймыз. Бұлар әлі мемлекет бола алмаған. Біздің байрағымыз болғанда жағдай мүлдем басқаша болар еді. Бұл шабуылдың ізіне түсеміз, жауапкерлерін табамыз» деді.
Йени шафак газеті «Түркия табан тіреді және ұтты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ пен Түркия арасында 1996 жылы іске қосылған Кеден Одағы келісімін қайтадан реттеу жөніндегі хаттамаға кеше Бельгияның астанасы Брюссельде қол қойылды. Түрік тауарларының алдының ашылуымен сауда айналымының 300 миллиард долларға жеткізілуі нысанаға алынады. Экономика министрі Нихат Зейбекчи кезеңнің табысты жүргізілуінің Түркияның Транс Атлант Сауда және инвестиция ортақтығы келісімінің (TTIP) ортағы болуды жеңілдететінін атап айтты.Еуроодақ Комиссиясының Саудағы жауапты мүшесі Сесилия Мальмстрем да «Кеден Одағын жетілдірудің уақыты келді» деді.
Хабертүрік газеті «Түркия инвестиция индексі тізімінде 2 орын бірден көтерілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Кеңесшілік фирмасы «AT Kearney»-дің Тікелей шетел инвестициясы сенім индексі тізімінде Түркия 2 орын бірден көтеріліп, тікелей инвестиция тартқан мемлекеттер тізімінде 22-ші орынды иеленді. Хабарда Түркияның 8 маңызды салада өсу агенттігіне ие екені атап көрсетілген.
Сабах газеті «Bosch 200 миллион евролық инвестиция салады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Bosch Түркия және Орташығыс төрағасы Стевен Йонг биыл Түркияға 200 миллион евролық инвестиция салатындарын және 2 жаңа Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталық ашатындарын атап айтты. 2014 жылы жалпы сауданы 10 пайыз арттырғандарын айтқан Йонг «Bosch тобы ретінде Түркияға сеніміміз толық, бұл елдің күшіне сенеміз және осында өсуімізді жалғастырамыз» деді. Йонг Германиядан кейінгі ең үлкен Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталықтың Бурса қаласында ашылатынын білдірді.
Хүррийет газеті «BAFTA-ға түрік таңбасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2015 BAFTA сыйлықтарына түрік мода маманы қол таңба қалдырды. Ұлыбритания телеарнасының абыройлы сыйлықтарының бірі BAFTA-ның Лондонда ұйымдастырылған рәсіміне танымал музыкант және теледидар бағдарламашысы Рошель Уайзман түрік мода дизайнері Зейнеп Картал дайындаған киіммен қатысты. Карталдың 2016 көктем-жаз коллекциясында орын алған және әлі нарыққа шықпаған киімі кешке қатысушылардың назарын аударды. Киім BAFTA комитеті тарапынан «кештің үздік киім сыйлығына лайық» деп табылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар