18.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

270567
18.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабертүрік газеті «Асадтың қолын алу, Гиттердің қолын алғанмен бірдей» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Ахмет Давутоғлу Сирия саясатында өзгеріс және Асадпен келіссөз жүргізуге белгі берген АҚШ пен Еуропаға қатаң тілде жауап қайтарды. Давутоғлу «Асадтың қоылн алатын болсаңыз бұл тарихтан өшпейді. Асадтың қолын алу, Гиттердің, Милосевичтің, Саддамның қолын алғанмен бірдей. Асадпен қол ұстасуды ойлағандар бұдан кейін Орташығыстағы әртүрлі зұлымдықтың да обалын мойындайтын болады» деді.
Стар газеті «Энергияның актерлері Түркияда бас қосады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропаның екінші өз аймағының болса ең үлкен энергия мен қоршаған орта көрмесі ретінде «ICCI 2015»-ке аз уақыт қалды. 6-8 мамыр күндері арасында Стамбұл көрме орталығы Йешилкөйде жүзеге асатын «ICCI 21-ші Халықаралық Энергия және қоршаған орта көрмесі» 450-ге жуық жергілікті және шетелдік фирмаға қонақжайлық жасайды. Көрме араларында АҚШ, Қытай, Дания, Оңтүстік Корея және Үндістан да бар көптеген елден фирманың түрік энергия саласы алпауыттарының басын қосады. 2023 жылына дейін энергия қажеттігін қамтамасыз ететін 120 миллиард доллардан астам инвестицияны нысанаға алған Түркия көрмеге қатысушы фирмалардың қызығушылығын оятуда.
Йени шафак газеті «Франция мұсылмандардың құқықтарын шектеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда баспасөз еркіндігін әрқашан алға тартып отырған батыс әлемі өз қауіпсіздігі үшін мұсылмандардың хақ пен еркіндіктерін шектеуде. Көптеген мемлекет бірінен соң бірі антитерроризм заңдары аясында мұсылмандардың негізгі хақ пен еркіндіктерін таптайды. Еркіндіктермен күрес жариялаған мемлекеттер қатарына Францияда қосылды. Елде терроризммен күрес аясында тұңғыш рет мұсылман интернет парақшалары нысанаға алынды. Ішкі істер министрлігі 5 интернет парақшасын жапты.
Ватан газеті «Түркия АҚШ Орталық Банкі FED-тің сабырын сынады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлем экономика нарықтары АҚШ Орталық Банкі FED-тің мәлімдемесін күтті. FED жиналысының артынан егер «сабыр сақтау керек» деген сөзді мәлімдеме мәтінінен шығарған жағдайда, маусым айында АҚШ проценттері жайлап арттыратын еді. АҚШ-та проценттердің артуы деген сөз АҚШ-тағы проценттердің артуы да доллардың өз отанына оралуы деген мағынаға келеді. Доллар кемшілігінің Түркияға кері әсер ететінін байқаған Түркия Орталық Банкі проценттерді түсіріп риск алмады. FED тің сабырын сынады.
Сабах газеті «Тұрғын үй саласында ішкі нарық жанданатын болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық несие бағалау мекемесі «Standard & Poor’s» жариялаған рапортта Түркияда тұрғын үй саласында ішкі сұраныстың 2015 жылы жылдамдата түсетінін болжады. Шетелдік сатып алушылардың Түркия тұрғын үй нарығына қатысты қызығушылығының нарықты жандандыратыны болжалған рапортта «Түркияның артып отырған жас адам саны себепті мықты құрылымдық сұраныс тұрғын үй нарықтарындағы негізгі тетік болады» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар