17.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

267481
17.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Іскер Бүлент Ежзажыбашы жаңа жүйе шарт деді» атты хабарында Ежзажыбашының парламент жүйесінде кейбір олқылықтардың байқалғанын, демократияның іргетасын қалаған жаңа бір жүйені ойластыру керек дегенін жазған. Хабарға қарағанда Ежзажыбашы фирмасының басқару алқасы төрағасы жаңа Түркияға жаңалық әкелетін президенттік жүйе мен атазаңға қолдау берді. Террордың аяқталуы үшін жүргізілген шешім процесінің де табысты түрде жасалып жатқанын баяндаған Ежзажыбашы экономика саласында да сайлаудан кейін тұрақты болатынын, реформалардың жалғасатынын білдірді.


Йени Шафак газетінің «Шахика түрік байрағын желбіретті» деген хабарында әлем еркін сүңгу рекордын жасаған Шахика Ержүмен Дарданел соғысының 100-ші жылдығына орай қырғын шайқаста батқан Ұлыбританияға тән «HMS Majestic» кемесіне қарай сүңгігенін хабарлаған. Газет Дарданел шәйіттерін еске алу үшін ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Дарданел Бұғазының 24 метр тереңдігіне батқан кемеге қарай сүңгіген Ержүменнің түрік байрағын желбіреткеніне орын берген. Хабарға қарағанда Дарданел жеңісінің 100-ші жылдығында бір тұңғыш нәрсі істеледі. 18 наурыз күні таңғы намазда 81 провинция мен 957 ауданның орталық мешітінде бірдей сәтте жүз мыңдаған шәйіттер үшін дұға оқылады.


Сабах газетінің «Мәдениеттің мақсаты бір-бірін өлтіру ме?» атты хабарында Дарданел майдан соғысында күрескен Соғыс және азаттық медалы иегері полковник Хасан Жевдеттің естеліктерінің жарияланғанын жеткізген. Хабарда 125 беттік естелікте соғыс барысындағы кейбір оқиғаларды қияметке теңеген Хасан Жевдеттің сөздері бүгін сабақ ерекшелігіне ие болғанын жариялаған. Хабар бойынша Жевдет естеліктерінде мына сөздерді қолдануда: «Мәдениет дамыды деді. Мәдениеті дамыған немістер мен ағылшындар соғысты бастады. Одан кейін дүние жүзілік соғысына қатысты. Мәдениеттің мақсаты бір-бірін өлтіру ме?».


Хабар Түрік газетінің «Хью Джекман таңертең Стамбул бұғазын көріп, керемет сезіндім деді» деген хабарында Австралиялық теле және киноактері Хью Джекманның бүгін кеште өнер көрсететінін жазған. Газет 20 наурыз күніне дейін сахнаға шығатын Джекманның баспасөз мәслихатында атасының Стамбулда өсір кешіргенін, әкесінің де үнемі бұл жерге зияратқа келгенін айтқанын жеткізген.


Ватан газетінің «Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық киімдер көп сатылуда» атты хабарында Наурыз мерекесі үшін дайындықтардың тез қырқынды жалғасқанын баяндаған. Хабарға қарағанда Диярбакырда 21 наурызда өтетін Наурыз тойына қатысқысы келгендер ұлттық киім салып алуда.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар