15.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

264318
15.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті «Түрік мұнай тағы бір мұнай өңдеу зауыты құрады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік мұнай (ТМ) серіктестігі бас директорының орынбасары Бесим Шишман Хатайдың Дөртйол ауданында мұнай өңдеу зауыты құрылатынын айтты. Шишман ТМ-дың 2023 жылы стратегиялық жоспары бойынша Түркияны бүкіләлемдік маркаға айналған 10 мемлекет құрамына қосу нысанасын тұрақтылықпен жалғастырғандарын және осы бағытта Дөртйол маңында бір мұнай өңдеу зауыты құруды нысанаға алғандарын жеткізді. Мұнай өңдеу зауыты құрылатын өңірдің Джейхан портына жақын бола алатынын атап айтқан Шишман осы арқылы Түрік Мұнайдың стратегиялық және экономикалық маңызының да артатынын білдірді.
Миллийет газеті «Норвегиялық балықшылар үшін 12 кеме тапсырыс берілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 13-ші Халықаралық «Europort Іstanbul» көрмесінде теңіз саласында қамтамасыз етілген сауда басқосуында биыл рекорд тапсырысқа қол таңба қалдырды. Норвегия патшалық елшісі Канавиннің қасындағы делегация мен норвегиялық сауда кемесі иелері қатысқан көрмеде Норвегия үкіметі мен соғыс кемелері үшін ресми келіссөздер басталды. Норвегиялық сауда кемесі иегерлері балықшы қайықтарынан бастап 12 жаңа кемеге тапсырыс берді.
Сабах газеті «Конгресс туризмінің марка қаласы Стамбұл» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2014 жылы әлемнің ең жақсы 10 конгресс қаласының бірі ретінде Стамбұл өткен жылы 125 халықаралық конгреске қонақжайлық жасады. Стамбұл сауда палатасы мен Стамбұл Конгресс және келушілер кеңсесі төрағасы Ибрахим Чағлар «Түркия конгрестерден 328 миллион доллар табыс жинады. 2015 жылы одан да жақсы бір жыл болады. Конгресс саны тағы 100-ден асады. Жылдың алғашқы ширегінде болуымызға қарамастан сұраныстар өте көп» деді.
Хабертүрік газеті «Ибрахим Татлысесті ояндыра алмай жатыр» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың Майами қаласында 9 наурыз күні ми операциясы болған Ибрахим Татлысес реанимациядан шыққан емес. 72 сағаттық маңызды кезеңде дәрігерлердің Татлысесті әлі ояндыра алмағаны білдірілді. Танымал әншінің өміріне қауіп төнгені болжалады. 6 күннен бері оята алмаған Татлысестің жақындары алаңдайды.
Йени шафак газеті «23 елден қысқа кездесу» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 11-ші Акбанк қысқа метражды фильм фестивальі ертең басталады. 26 наурыз күніне дейін жалғасатын фестивальде 23 мемлекеттен 86 қысқа метражды фильм және 2 ұзын метражды фильм көрермендердің назарына ұсынылады. Алты бөлімнен тұратын фестивальдің «Тәжірибелер» бөлімінде ұзын метражды фильмдерімен Кан және Вена фестивальдерінен үздік жүлделер алған режиссер Джессика Воодворт қонақ болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар