13.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

261685
13.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «Нарықта сенім орнатылды» деген хабарында президент Режеп Тайып Ердоған мен Орталық Банкі бас директоры Ердем Башчының кездесуінің нарыққа сенім орнағанын және Түрік лирасының АҚШ доллары алдында құнданғанын хабарлаған. Газет биржаның көтеріліп 78 мыңның үстіне шығуы да нарық тарапынан «Ердоған-Башчы кездесуі сенім берді» ретінде жорамал жасалғанын білдірген. Хабарға қарағанда экономисттер Түрік лирасының доллар алдында құнын жоғалтуының экономика үшін әрқандай бір қиыншылық туғызбағаны жөнінде бірдей көз қараста болса, Түрік лирасының көп өтпей тұрақтанатынын пайымдауда.


Стар газетінің «Неміс химиялық фирмасы BASF-тің Түркия нысанасы 1 миллиард евро» атты хабарында 150 жылдығын тойлаған әлемнің ең үлкен химиялық фирмасы BASF Түркия, Орташығыс және Солтүстік Африка аймақ төрағасы және BASF Түркия бас атқарушы директоры Волкер Хамместің әлемдегі белгісіздіктерге қарамастан 3-5 жыл ішінде Түркия кірісін 1 миллиард евроға көтеретінін айтқанын жеткізген.Хабар бойынша 135 жылдан бері әлемде екенін және 45 жылдан бері де Түркияда өнімдер өндіргенін баяндаған Хаммес 80 елдің Түркияға қараста болғанын атап өтті. Хаммес «Стамбул біз үшін өте маңызды» деді.


Хүрриет газетінің «Түрік маркалары кең қанат жаюды» деген хабарында әлемде түрік маркаларының күшінің күн өткен сайын артқанын жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия маркалары бүгін 90 елде 2 мың 951 дүкенімен жұмыс істеуде. Біріккен маркалар одағының көрсеткіштері бойынша биыл осы санақ 3 мың 750-ге шығады.


Хабар Түрік газетінің «Эмпайр-Стейт-Билдинг ғимаратына бір түрік көрші» атты хабарында бір түрік құрылыс фирмасының АҚШ Нью-Йорк қаласында сала бастаған East 37th Street Residental Tower-тің Францияның Канны қаласындағы жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі fuarı MIPIM'де болашақтың жобалары жүлделерінде ең биік ғимараттар категориясында ең үздік жоба болып сайланғанын жазған. Газет Манхэттенда салынатын және тұрғын үй мен қонақүйлерден құралатын 60 қабатты жоба АҚШ-тың ең биік ғимараты Эмпайр-Стейт-Билдингке көрші болатына орын берген.


Сабах газетінің « Дарданелде сән шеруі» деген хабарында 18 наурыз шәйіттерді еске алу күні және Дарданел соғысының 100-ші жылдығына орай арнайы бір сән шеруі дайындалғанын атап өткен. Хабарда сән шерудің Дарданелден кейін Париж, Лондон және Сидней де өтетінін жеткізген.

 

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар