12.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

260255
12.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Жаһандық дағдарысқа қарсы өндіріс пен жұмыс пакеті келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаһандық экономикадағы шайқалысқа қарсы ақшаның алдын ашатын пакет дайындала бастады. Премьер-министр Давутоғлу жариялайтын пакет жұмыспен қамтамасыз етуді, инвестицияны және өндірісті арттыруға бағытталған кейбір қолдауларды қамтиды. Жаңа пакет экономиканы белсенді қылады. Сыйақы мен жеңілдіктерге жағдай жасайтын супер қолдау пакетінің мерзімі тағы бір жылға созылады. Экспортқа бағытталған өндіріс жасайтын фирмаларға қаржы жеңілдігі жасалады.
Миллийет газеті «Клинтонның жиналысына ТРТ қол таңба қалдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтонның электронды пошта дағдарысы туралы тұңғыш рет мәлімдеме жасағаны баспасөз жиналысында алғашқы сұрақты қойған ТРТ қол таңба қалдырды. ТРТ тілшісінің «Еркек болсаңыз осыншама сынға ұшырар ма едіңіз?» деген сұрағы Клинтон мен залдағыларды күлімсіретті. Клинтон тілшінің бұл сұрағына «Бұған жауап қайтаруды басқаларға қалдырамын» деп жауап қайтарды. ТРТ тілшісінің сұрағы әлеуметтік медиада ең көп әңгіме қылған тақырыптардың біріне айналды. Клинтон мемлекеттік хатшы болған кезеңінде ресми хаттарын электронды пошта арқылы жасағаны ортаға шыққан болатын.
Сабах газеті «Кандағы көрменің жұлдызы Стамбұл болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Францияның Кан қаласында әлемнің ең үлкен жылжымайтын мүлік көрмесіндегі ең керемет оқиға және ең абыройлы іс-шара «10 текшеметрлік Стамбұл» моделі болды. Келушілер әртүрлі мемлекеттердің министрлері, әлемнің санаулы фирмаларының директорлары және атқару комитеті төрағалары Стамбұл моделіне қайран қалды. Көрменің алғашқы күні дәу Стамбұл моделі орналасқан алаңы келушілерге толды. Жергілікті және шетелдік келушілер Стамбұл Сауда орталығы сауда палатасы төрағасы Ибрахим Чағларды құттықтады. Жарықтандырылып дауыс қосылған моделде Стамбұлдың тарихы және туристік орындары, мешіттері, көпірлері және парктері баршаны тәнті етті.
Йени шафак газеті «Османлы үйінің орнына көпқабатты автопарк жасалатынын естіген Триполи халқы шеруге шықты» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Ливанның Триполи қаласындағы Хамидийе алаңын жаңарту жұмыстары аясында Османлының іздерін жою жобасы наразылық туғызды. Османлы үйінің орнына көп қабатты автопарк салынатынын үйренген жергілікті халық муниципалитетті протест етті. Ливан Университеті сәулетшілік факультеті аға оқытушысы және Триполи муниципалитеті мәжіліс мүшесі профессор Халид Тадмури Түркиядан мәселеге араласуын талап етті. Триполиде Османлы дәуіріне тән 200-ден астам туынды бар.
Хабертүрік газеті «17 наурыз қорқуы астрологтарды алаңдатты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 1984 жылы 17 наурыз күні жүзеге асатын Марс пен Уран ғаламшарларының қауышуы астрологтарды қорқытты. Астролог Су Каракуш пен Филиз Өзкулға қарағанда 17 наурыз күні әлемде топтық өлімдер болуы мүмкін. Қорқынышты қауесет 20 наурыз күні жүзеге асатын Күн тұтылуымен артта қалады. Астролог Нурай Саянға қарағанда 20 наурыз күнгі Күн тұтылуы зілзаланың хабаршысы және ауа, топырақ және суда кейбір апаттар болуы мүмкін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар