11.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

258039
11.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «3 қызбен байланысты жауапкершілік Ұлыбританияда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Лондон өкілетті елшісі Абдуррахман Билгич ИШИМ террор ұйымына қосылған 3 қыз туралы айыптауларға Ұлыбритания Ішкі істер комиссиясында жауап қайтарды. «Ұлыбританиядан шығып жатқанда тоқтату керек еді. Алдымен жауапкершілік сіздікі» деген Билгич «Сирияға ИШИМ-ге қосылу үшін барғаны алға тартылған үш қыз Түркияға келмей тұрғанда, толық ақпарат берілгенде қыздардың ізіне түсіп, оларды табу одан да жеңіл болар еді» деді.
Стар газеті «Еуропада нәсілшілдік қайта жанданды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Австрия мен Германияда өмір сүрген түрік текті мұсылмандар қатысқан «Еуропада нәсілшілдік зерттеуі» құрлықтағы нәсілшілдіктің қаншалықты қорқынышты деңгейге ұласқанын ортаға қойды. Сауалнамаға қарағанда үш мұсылманнан екісі нәсілшіл шабуылдарға ұшырайды. Қатысушылардың 89,9 пайызы болса нәсілшілдіктің соңғы 1 жылда артқанын ойлауда. Басқа жағынан Германияда сот шешіміне қарамастан жұбайларды бір-бірінен ажырату жалғасуда. Германияның түрік текті жанұяларға 8 жылдан бері міндет қылған тіл емтиханын тапсыру мәжбүрлігі Еуропа Адам Әділет Диванының шешіміне қарамастан жалғасуда.
Сабах газеті «Стамбұлдағы фильм фестивальіне 62 елден 204 фильм қатысады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл Мәдениет өнер қоры (ІKSV) ұйымдастырған «34-ші Стамбұл Фильм Фестивальі» 4-19 сәуір күндерінде басталады. Фестивальде 62 елден 204 фильм көрсетіледі. Фильмдер мен режиссерлері Халықаралық Алтын Бәйшешек жарысына үміткер болады. Фестиваль - тегін жүзеге асырылатын сұхбаттар, ателье жұмыстары, кинофильм сабақтары және арнайы іс-шаралармен келушілердің қызығушылығына ұсынылады.
Хабертүрік газеті «Solar Impulse 2 –дің артындағы түрік әйел» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда тек қана таза Күн энергиясымен ұшатын Solar Impulse тарихы жаһан саяхатын 2 күн бұрын Абу-Дабиден бастады. Ұшақтың ұшқыштарының бірі Андре Борчбергтің түрік жұбайы Ясемин мен қызы Эла да жобада жауапкершілік алған. Ясемин ұшу алдында ұшқышқа тыныс жолын жаттықтыру, ұшқыштың тамақтануы, дене және санасын медитация арқылы дайындауға қолдау береді.
Миллийет газеті «Minecraft сотқа беріледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Отбасы және Әлеуметтік саясаттар министрлігі компьютер ойыны ‘Minecraft’ тың кейбір бөлімдерінің балалардың рух пен саналарының дамуына кері әсер еткені себепті жабу үшін сотқа шағымданады. Айыптау актісінде ойынның үй, егістік, көпір сияқты құрылыстар жасауға мүмкіндік беріп балалардың қабілетін жетілдіргені алға тартылса да, осы ғимараттарды қорғау үшін басқа құбыжықтарды өлтіруі міндетінің балалардың сана мен рух әлемдеріне із қалдырғаны алға тартылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар