09.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

254803
09.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Қай жерде жәрдемге мұқтаждар болса Түркия сол жерге жәрдем қолын созады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда депутаттардың сұрақтарына жауап қайтарған премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмуш «Сомали мен Ауғанстан сияқты көптеген елге 766 миллион 288 мың лира, тек қана сириялықтардың өзіне 5,2 миллиард лира жәрдем жасадық» деді. Куртулмуш Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА тарапынан Мавритания мен Нигерге 2 мың тоннадан астам қант пен ұн жіберілгенін, Сомалиге болса 115 миллион 74 мың долларлық жәрдем жасалғанын жеткізді. Премьер-министр орынбасары Апат және төтенше жағдайлар басқармасы АФАД тарапынан да Мьянмаға күріш, Филиппиндерге 12 мың отбасына жәрдем пакеттері таратылғанын атап көрсетті.
Йени шафак газеті «Лобияның шетел валютасы ойыны бұзылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда халық қайтадан түрік лирасына бағытталды, шетел валютасы сұранысы азайды. АҚШ-та жұмыссыздық көрсеткіштері мен Еуропа Орталық Банкінің процент жиналысын өз мүддесіне айналдырғысы келген лобияның «шетел валютасы» ойыны азаматтар тарапынан бұзылды. Орталық банктің процент лобиясы сыртқы және спекуляция сатып алулары доллардың бағасын көтерді 27 ақпан аптасында халықтың шетел валютасының орнына түрік лирасына бет бұрды.
Ватан газеті «Обама: Ақ үйді салған құлдармыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 1968 жылы қара нәсілдер Мартин Лютер Кинг басшылығында АҚШ-та «тепе-тең дауыс беру құқық қалаймыз» деп шеруге шыққан және полицияның жәбірлеуіне ұшыраған болатын. 50 жылдан кейін сол шеру АҚШ президенті Барак Обама басшылығында қайталанды. Обама «Біз Ақ үй құрылысында жұмыс істеген құлдар едік. Қанды жексенбі оқиғалардан 50 жылдан кейін де шеруіміз жалғасуда» деді. Шеру кезінде көптеген қара нәсілді қолдарына «Бізді өлтіруден бас тартыңдар», «Өзгеріс қалаймыз» деп жазған плакаттар алып, АҚШ полициясының қара нәсілділерге бағытталған жәбірлеу және өлтіру оқиғаларына наразылық көрсетті.
Сабах газеті «Күн ашты, жұрт теңіз жағалауына үйілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Муғла мен аудандарында Күн райы жақсарып, халық теңіз жағалауына шықты. Күн райының 22ºС, теңіз суының 17ºС болуы Ула ауданына жергілікті және шетелдік туристтердің қызығушылығын арттырды.
Хабертүрік газеті «Аз кислород көп ісік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ‘Science Translational’ Medicine’ журналында жарияланған зерттеуге қарағанда ісік ауруының тарау себептерінің бірі кислородтың жетіспеуі. Орман алаңдарында өмір сүргендердің ісік ауруы рискі басқаларға қарағанда төмен. Жаңбыр ормандарының ісікті жою күші дәлелденді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар