28.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

241553
28.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Түркия үлгісіндегі президенттік жүйе керемет болады» деген хабарында президент Режеп Тайып Ердоғанның «Демократиялық түсініктегі президенттік жүйесіне өтудің уақыты келді. Салт-дәстүрімізге үйлесімді жаңа бір президенттік жүйемізді құрайық. Бізге тән президенттік жүйе керемет болады» дегеніне орын берген.


Сабах газетінің «Жаңа Түркияның үлкен жобасы» атты хабарында Стамбул Бұғазының астынан өтетін түнел жобасы кеше басталды. Теңдессіз жоба үшін премьер-министр Ахмет Давутоғлұ «Әлем бұдан кейін Түркияны қызығы тамашалайды» дегенін хабарлаған.
Ватан газетінің «Керемет жоба» атты хабарында Мармарай және Еуразиядан кейін Бұғазға 6 жарым шақырымдық үш қабат үлкен теңіз асты жол салынатынын және бұның 5 жылда бітетінін жариялаған.


Йени Шафак газетінің «Ақшаның орталығы Стамбул болады» деген хабарында Стамбул сауда палатасының Стамбулдың жаһандық деңгейде сауда және инвестиция орталығы болуы үшін атсалысатынын білдіргенін жеткізген. Хабарға қарағанда Стамбул сауда палатасының төрағасы Ибрахим Чаглар «Жаһандық деңгейде қадам басудамыз және ақшаның астанасының Стамбул болатынына сенеміз» деді.


Хүрриет газетінің «Қорғаныс рекорды» атты хабарында Түркияның жалпы экспорты 4,3 пайыз артқан кезде, қорғаныс өнеркәсібі 18,7 пайыз көтеріліп 1,6 миллиард долларға шыққанын жазған. Хабарда Қорғаныс өнеркәсіп кеңесшісі Исмаил Демирдің «2023 жылы нысанамыз 25 миллиард доллар, осы нысанаға жету үшін 20 пайыздық арту қажет» дегеніне орын берілген.


Миллиет газетінің «Сиваста оқу бітіру салтанаты» деген хабарында Сивас полиция коледж және білім беру орталығындағы 4 айлық білім алу мерзімін тамамдаған 190 ауған әйел полиция үміткерінің курсты тауысқанын мәлімдеген.


Миллиет газетінің «Еуропа Одағы құлдырайды, Түркия өрлейді» атты хабарында көлеңке CIA деп аталған АҚШ ой-пікір ұйымы Stratfor әлем саясаты жөнінде алдымыздағы 10 жылдық межелеуін жасағанын баяндаған. Хабарға қарағанда Еуропа Одағы ыдырайды, Түркия көтеріледі.


Хабар Түрік газетінің «Мәскеу жеңісі» деген хабарында Фенербахче Үлкер ер баскетбол командасының CSKA командасын Мәскеуде 75-81 есебімен жеңгенін жариялаған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар