26.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

238661
26.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Амнистия ұйымы Ердоғанды растады. БҰҰ мүдделерге қызмет етеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық Амнистия ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия, Ирак, Палестина, Израиль және Украина сияқты мемлекеттердегі дағдарыспен күресте табыссыз екенін білдірді. «Әлемдегі адам құқықтарының жағдайы» атты рапортта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелері АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Францияның жазықсыз адамдардың жан қауіпсіздігінен гөрі өз саяси мүдделеріне одан көп көңіл бөлгені атап көрсетілген. Президент Ердоған тек қана 5 мемлекеттің шешім қабылдауының дұрыс емес екенін жиі айтқан болатын.
Стар газеті «ИШИМ-де ағылшын қарулары ұсталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ИШИМ террор ұйымына қару-жарақ апарған 2 ағылшын ұшағын Иракта атып құлатты. Ирак парламенті Ұлттық Қауіпсіздік және комитет төрағасы Хакем әл-Замели әлемде үлкен жаңғырық туғызған оқиғаны түсіндірді. Замели «Екі ағылшын ұшағы әл-Анбар аймағында атып құлатылды. Аймақ халқы мен әскерлеріміз ұшақтардың ішінде Ұлыбританияның байрақтары бар екенін растады. Бұл тақырыпта Ұлыбританиядан мәлімдеме сұрадық» деді.
Хабертүрік газеті «Сирия террор лабораториясына айналды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ министрі Волкан Бозкыр «Сирияға операция жасалмаған жағдайда мәселенің күрделенетінін әу бастан айтып, аймақ пен әлемнің тұрақтылығына қауіп төндіретінін ескерткен болатынбыз. Біз айтқандай болды» деді. Министр Бозкыр Сирияда қажетті шаралар қабылданбаған соң Асад режимі мен оппозиционерлер арасындағы мәселелердің уақыт өткен сайын Хизбулла, ИШИМ, Әл-каида сияқты лаңкестік топтарды да қамтығанын айтты. Бозкыр «Сирия енді көптеген мемлекет сыртқы саясатты белгілейтін тұғырға көшті. Жаңа террорлық ұйымдардың жаңа тактикаларын сынағаны бір лабораторияға айналды» деді.
Ватан газеті «Иран мәселесінде АҚШ-тағы қызу артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың АҚШ-тың Иранмен жүргізген ядролық келіссөздерде келісімге келу ықтималын жою мақсатты жасайтын баяндамасына наразылықтар артуда. Ақ үй әкімшілігі Нетаньяхудың келесі апта АҚШ Конгресінде жасайтын баяндамасы алдында Израильге қарсы сын-ескертпелерін арттырды. АҚШ президенті Барак Обаманың Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Сьюзан Райс сейсенбі күні Нетаньяху жасауды жоспарлаған конгресс баяндамасының Вашингтон мен Тель-Авив желісінде қарым-қатынастарға зиян келтіретінін ескертті.
Йени шафак газеті «Аңыздар басқосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұлдың әртүрлі мәдениеттер мен нанымдары орын алған 400 аңыз бір кітапта топтастырылды. Стамбұл Муниципалитеті тарапынан дайындалған «Стамбұл аңыздары» атты кітап Византиядан Османлыға, Османлыдан Республикаға дейінгі кезеңде қаланың мифологиялық батырларына, киелі бағаналарына, синагога, шіркеу және мешіттеріне, сарай, су бұрқақтары және үйлеріне тән аңыздар орын алған 12 тақырыптан тұрады. Кітап тұңғыш рет CNR кітап көрмесінде оқырмандардың назарына ұсынылады. CNR Кітап көрмесі 2015 жылы 27 ақпан мен 08 наурыз күндері арасында “Istanbul CNR EXPO”-да жүзеге асады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар