25.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

236952
25.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Еуропадағы мұсылмандар көшелерге шығады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропада мұсылмандарға қарсы қалыптасқан теріс көзқарастарды жою, Ислам және мұсылмандарға қатысты сұрақтарға жауап қайтарып, батыс қоғамымен шындықтарды бөлісу мақсатты Ислам қоғамы бір қатар іс-шаралар өткізеді. 28 ақпан күнгі іс-шаралар арқылы батыс қоғамына Ислам таныстырылады. Германия, Голландия, Франция, Австрия, Дания сияқты Еуропаның көптеген елінде ашық алаңдарда өткізілетін іс-шараларға келушілерге гүл ұсынылады.
Хабертүрік газеті «Проценттер шектелді, дегенмен жеткіліксіз» атты хабарында Орталық Банк жасаған процент шектеу бастамасының артынан премьер-министр Ахмет Давутоғлу проценттердің түсу трендінде болуы жақсы және мұның түрік экономикасының тұрақтылық көрсеткіші екенін атап көрсетті. Жасалған процент шектеу шарасының жеткіліксіз екенін тілге тиек етіп, проценттердің одан көп түсірілу керектігін меңзеді.
Йени Шафак газеті «Әлем банкі ‘Анадолы қабыландары баршаны таң қалдыратын болады’ деген пайыммен назарларды Түркияға ауды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әлем банкі Түркия директоры Райсер соңғы екі жылдың ішінде Түркияға жекеменшік сала, банк, оқу, денсаулық сақтау, коммуникация және тұрғын үй салаларындағы жетістіктерді көру мақсатты араларында Тайланд пен Мавритания да бар 25-тен астам елдің өкіл жібергенін атап айтты. Түркияның үш жылдың ішінде дамыған мемлекеттер қатарына қосылатынын атап айтқан Райсер «Түрік қалалары әлемде ең жылдам өскен қалалар қатарында, Анадолы қабыландары деп аталған қалалар болса таң қалдыратын өзгерістер жасады» деді.
Сабах газеті «Өндірген академиктерге қолдау беріледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «ЖОО кеңесі» ғылым және технология өндірісіне үлес қосқан академиктерге қолдау мақсатты ақша төлейді. Төленетін ақшалар балдық жүйемен беріледі. Академиктер ең көп балды халықаралық лицензия мен тіркеулері үшін алатын болады. Заңнама жобасы 6 наурыздан кейін Министрлер алқасының бекітуіне ұсынылады.
Стар газеті «Сауда саласында түрік еркектері Еуропа чемпионы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда бір несие карточкасы фирмасының 17 елде өткізген зерттеуі сауданы жұбайы мен аналарына жасатқаны болжалған түрік еркектерінің өзгергенін жазған. Зерттеуге қарағанда түрік еркектері сауда да әйелдер мен Еуропадағы еркектерді артта қалдырды. Әйелдер жиі сауда жасаса да, одан аз ақша жұмсауда. Еркектер болса сауда жасағанда жомарт.
Миллийет газеті «УЭФА-дан Гөкчек пен Чакырға маңызды міндеттер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда УЭФА ФИФА лицензиялы түрік төрешілері Жүнейт Чакыр мен Хүсейин гөкчекті УЭФА Еуропа лигасы матчтарына шақырды. Чакыр Ресейдің Зенит пен Голландияның PSV командалары арасында ертең Санкт-Петербургте ойналатын екінші тур матчын басқарады. Хүсейин Гөкчек болса Италияның Фиорентина мен Ұлыбританияның Тоттенхэм командалары арасында ертең ойналатын Флоренциядағы матчта төрешілік жасайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар