24.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

230340
24.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің «Түркияның күшін барша әлемге көрсеттік» атты президент Ердоғанның «Сирияда Сүлейман Шах кесенесі мен әскери гарнизондағы барлық аманаттар мен сол жерде қызмет еткен әскерлердің аман есен Түркияға әкеліп, дұшпандардың тұзағын бұздық» дегенін хабарлаған. Хабарға қарағанда «Шах Евфрат операциясы» арқылы тарихқа абыройлы бір парақ жазғыздық деген премьер-министр Ахмет Давутоғлұ Түркияның үш қызыл сызығын атап өтті. Біріншісі, әлемнің ешқандай жерінде азаматымызға ие шығу біздің ұлы міндетіміз болып табылады. Екіншісі, мұрағатымызға ие шығамыз. Үшіншісі, бір уыс топырағымызды ешкімге бермейміз.


Хабар Түрік газетінің «Эрбильге 500 миллион доллар» деген хабарында Солтүстік ирак күрд аймақтық әкімшілігі премьер-министрі Нечирван Барзанинің Бағдаттан ала алмаған қолдауын Анкарадан алғанын жариялаған. Газет өткен апта Анкарада президент Режеп Тайып Ердоғанды зиярат еткен Барзанидің қызметкерінің айлықтарын төлей үшін Түркиядан қарыз алғанын жеткізген. Хабар бойынша Анкараның көзқарасына қарағанда алынған қарыз мұнаймен қайтарылады немесе аймақтық әкімшілігі тарапынан төленеді.


Стар газетінің «Либерман газелік қылмыстыларға өлім жазасы берілсін деді» атты хабарында Израиль Сыртқы істер министрі Авигдор Либерманның палестиналық қылмыстылардың еркін қоя берілуін сынға тартып «Біздің басты міндетіміз оларды еркін қоя бермеу және Хамасы түбегейлі жою үшін бұйрық бермеуіміз» дегеніне орын берген. Газет Хамастың Сыртқы істерге жауапты басшысы Усаме Хамданның Еуропада Палестинаны жақтаушылардың санының артуының Израильді мазасыздандырғанын және Еврей мемлекетінің Еуропадағы соңғы шабуылдарға араласқанын айтқанын мәлімдеген.


Йени Шафак газетінің «Шетелдік инвесторларының қызығушылығы жалғасуда» деген хабарында Түркия соңғы 12 жылда жиыны 162 миллиард долларлық шетел инвестицияларын тартып, үлкею, жұмыспен қамтамасыз ету және экспортта үлкен қайнар тапқанын атап өткен. Газет 2003-2013 кезеңде мөлшермен 150 миллиард долларлық тікелей шетел инвестициясын тартқан Түркияның 2014 жылы да шетелдік инвестицияларын жалғасты тартқанын мәлімдеген.


Миллиет газетінің «12 наурыз күні асыл тастар жәрмеңкесі өтеді» атты хабарында Түркия асыл тастар секторы «Халықаралық Jewellery Show» жәрмеңкесіне дайындалғанын жазған. Хабарға қарағанда асыл тастар жәрмеңкесінің 12-15 наурыз күндері аралығында Стамбул İCNR Expo-да өтеді.


Ватан газетінің «Стамбулға үшінші су асты жолының орны белгілі болуда» деген хабарында Мармара мен Еуразия туннелінен кейін Стамбул бұғазына салынатын үшінші су асты жолы жобасының жұма күні жарияланатынын жеткізген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар