22.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

227868
22.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабертүрік газеті «Сүлейман Шах кесенесі үшін түн ішінде операция» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ИШИМ қаупі астындағы түріктің жері Сүлейман Шах кесенесі үшін түн ортасында шок операция жасалды. Операцияның нысанасы Сүлейман Шах пен қасында жерленген екі әскерінің мәйіттеріне қоса 40 шақты гарнизон әскерін елге алып келу болатын. Премьер-министр Ахмет Давутоғлу операцияны басынан аяғына дейін қадағалады. Операцияның дайындықтары жасырын жасалды. Операцияда сауытты көліктерге қоса танктер мен әуе және құрлық күштерінен сайланған жүздеген арнайы жаттықтырған әскер қатысты.
Йени шафак газеті «Тағы Сирияға жерленеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Кобани деп белгілі Айн әл-Арабтан кері шегінген ИШИМ Сүлейман Шахтың кесенесі мен түрік гарнизонына 2 шақырым жақындады. Түркия осы қауіп төндірген жағдайға бола 9 сағатқа жалғасқан бір операция жасады. Османлы империясының негізін қалаушы Осман І Сұлтанның атасы Сүлейман Шахтың қабірі Түркияға эвакуацияланды. Мұның алдында тағы екі рет орны ауысқан мәйіт қайтадан Сирияда арнайы дайындалатын қауіпсіз бір аймаққа жерленеді.
Сабах газеті «Өркендегіміз келсе жаңа атазаң мен президенттік жүйені қабылдауымыз керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Таип Ердоған «Қазіргі жүйемен бір орында ары да бері сырғанап отырамыз. Одан әрі қадам баса алмаймыз. Біздің генетикамызда басшылық, президенттік жүйе бар. Мұның алдында да президенттер осы қажеттілікті тілге тиек еткен болатын» деді.
Стар газеті «Оңтүстік Кореямен экономикада толық серіктестік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Экономика министрі Нихат Зейбекчи ресми сапар аясында әртүрлі келісім-шарттарға қол қою үшін 26 ақпан күні Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулге барады. Сапары барысында 2013 жылдың 1 мамыр күні іске қосылған Еркін Сауда келісімі аясындағы қызмет саудасы келісімі мен инвестиция келісіміне қол қояды. Осылайша Түркияның алғашқы терең және ауқымды экономикалық серіктестік ерекшелігіне ие Түркия – Оңтүстік Корея Еркін сауда келісімі толықтырылатын болады.
Миллийет газеті «ТИКА-ның көмек тізімінде әр нәрсе бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА әлемнің дамымаған аймақтарында өмір сүрген адамдарға әртүрлі тақырыпта қолдау береді. Жасалған көмек тізімінде теңіз велосипеді мен солтүстік бұғысы да бар. ТИКА-ның әсіресе АҚШ пен Африка құрлығындағы көмектері әртүрлі болып табылады. Осы көмек тізімінде тегі жойыла бастаған ағаштарды көбейту жобаларына, радио станцияларға, теңіз велосипедіне, жылжымалы тиірменге, егістік жинақтау көліктеріне, мал дәрігері мен техникалық құрал жабдықты қамтамасыз ету сияқты әртүрлі жасалған көмектері бар.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар