20.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

225038
20.02.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабар Түрік газетінің «Машықтыру-жабдықтау келісіміне қол қойылды» атты хабарында Түркия мен АҚШ арасында сириялық оппозиционерлерге бағытталған машықтыру-жабдықтау бағдарламасы келісімінің Анкарада жасалғанын хабарлаған. Газет келісім мәтініне Сыртқы істер министрлігі кеңесшісі Феридун Синирлиоғлұ және АҚШ-тың Анкара елшісі Джон Басс қол қойғанына орын берген. Хабарға қарағанда Синирлиоғлұ «Әлі істейтін көп жұмысымыз бар. Көрші географияда және әлемнің көптеген елінде оқиғалар болуда. Сондықтан бірге жұмыс істеу өте маңызды» десе, Басс та «Бірге жұмыс істегенімізде әрқашан тіпті күшті боламыз. Одақтастығымызды күшейтуіне орай болған әрбір келісім әрі бізді, әрі аймағымызды тіпті жақсы бір жағдайға әкелуде» деді.


Тағы да Хабар Түрік газеті «Түрік ағымының бағыты» деген тақырып қолданған. Газеттің хабары бойынша энергия алпауыты Газпромның Энергия және табиғи байлықтары министрлігіне ұсынған рапортына қарағанда, әр біреуі 13 миллиард 750 миллион текшеметр сыйымдылығындағы 4 бөлек құбырдан жылына 63 миллиард текшеметр тасымалдайтын Түрік ағымы Ресейде Русскаядан басталады. Қаратеңізге төселетін 910 шақырымдық желістің 660 шақырымы Оңтүстік ағымға жалғанады. Одан кейін желіс Түркияға бағытталады және 260 шақырым салынады. Газпром 2015 жылы 1 қазанда теңіз өткелінің құрылысын бастауды нысаналауда.


Йени Шафак газетінің «Зымыран тендірін Қытай жеңіп алды» атты хабарында Түркияның әуе кеңістігін қорғайтын зымыран тендірі «технология транфері уәдесін» берген Қытай фирмасы CPMIEC-ке қалғанын жариялаған. Газет НАТО елдері Қытайға наразылық білдіруіне қарамастан жаңа ұсыныс бермегенін, сондай-ақ Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмаздың «тендір мерзімі аяқталды» дегенін жеткізген.


Стар газетінің «Түркияда  4K сапасында трансляцияға шығады» деген хабарында әлемде тек үш елде ғана болған 4K эфирлері Түркияда алғаш рет ТРТ, Түріксат және Вестел ынтымақтастығымен трансляцияға шығатынын білдірген. Хабарға қарағанда ТРТ Бас директоры Шенол Гөка, Түріксат бас директоры профессор Енсар Гүл және Вестел басқару алқасы төрағасы Туран Ердоған қатысқан жиналысқа бір жолдама жіберген премьер-министрі орынбасары Ялчын Акдоған 4K-нің әлемде тек Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ-та ғана болғанын білдіріп, «Еуропада осы трансляцияға шығатынын алғаш ел болдық» деді.


Хүрриет газетінің «Еуропада бағы жанбады» атты хабарында УЕФА Еуропа лигасындағы өкіліміз Бешикташтың Ұлыбританияда Liverpool-ға жеңілгенін баяндаған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар