09.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлемнің кейбір жаңалықтарына орын берген.

178554
09.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «Түркия жаңа әлемді құрайтындардың бірі болуы керек» деген хабарында Экономика министрі Нихат Зейбекчинің 7-ші елшілер конференциясындағы баяндамасына орын берген. Газет Зейбекчинің әлем экономикасы сауда саласының қайтадан қалыптасқан кезде, Түркияның осы жаңалықтар болған географияның дәл ортасында екеніне назар аударғанына орын берген. Газет Зейбекчинің «Түркия сол жаңа әлемді құрғандардың бірі болуы керек. Түркияның әлем деңгейінде ықпалды экономикасы бар. Түркияның болашақпен байланысты процесі мүлде басқаша болады» дегенін жеткізген.


Акшам газетінің «АҚШ әскери базаларының саны азаюда» деген хабарында Пентагоннан жасалған мәлімдемеде Еуропадағы базалардың қайтадан ретке салынуы аясында іштерінде Ұлыбританиядағы RAF Mildenhall, RAF Alconbury және RAF Molesworth базаларының да орын алған жиыны 15 базаның жұмыстары тоқтатылып, үй иесі болған елдерге тапсырып берілетіні жариялаған. Газет Түркияда орын алған Инжирлик базасының жабылып жабылмайтыны жөнінде әлі белгілі болмағанын жазған.


Сабах газетінің «Босқын лигасында Түркия 4-ші орында» атты хабарында Біріккен Ұлттар Ұйымы босқындар басқармасы Түркияның әлемнің ең көп келімсектерді қабылдаған 4-ші ел екенін жариялағанын атап өткен. Хабарға қарағанда әлемде ең көп босқын алған ел Ауғанстан салдарынан Пәкістан болып табылады.


Стар газетінің «Желтоқсан айында автокөлік сату жағдайы 767 мың санымен рекорд жаңалады» деген хабарында автокөлік секторы 2014 жылының 767 мың санымен аяқтағанын жеткізген. Газеттің хабары бойынша нарықтың күтілгенінің үстінде желтоқсан айында 146 мың автокөлік сатылды. Өткен жылдың екінші жартысынан кейін артқан сатулар ықпалды болды. Осы көрсеткіш тарихтың ең жақсы желтоқсан сатуы ретінде тарихқа жазылды.


Сабах газетінің «Түркия екі басқыш өрледі» деген хабарында 2016 жылы Еуропа Футбол Чемпионаты іріктеулерінде 4 матч 4 балл жинаған Түркия осы ай екі басқыш көтеріліп, осы жылдың алғашқы айында 604 баллмен 48-ші орынды иелегенін білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар