21.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

154698
21.12.2014 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Қытайлықтар АҚШ-қа ‘Мade in Turkey’ арқылы кіреді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың қытайлық плита өндірушілеріне жасаған ‘antidamping’ Түркияға пайда әкелді. Жоғары салық себепті қиналған қытайлық фирмалар АҚШ-қа Түркия арқылы кіре алады. Өткен жылы Стамбұлда өндірісі басталған CSUN да осы фирмалар қатарында. Стамбұлдан жіберілген күн энергиясы плиталары "Made in Turkey" тамғасы салынған соң АҚШ-та сатылады. АҚШ-тық «Suntitiy» фирмасымен келісім жасаған қытайлық фирма Каролина аймағындағы күн энергиясы алаңына тауар сата бастады.
Хабертүрік газеті «Түрік университеттерінің Еуропадағы шоуы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әлемнің ең мықты университеттері туралы зерттеу жүргізген «Quacquarelli Symonds» (QS), Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймақтарындағы ең мықты 100 оқу орынын жариялады. Араларында Стамбұл техникалық университеті, Хаджеттепе, Боғазичи және Анкара университеттері де бар 10 түрік университетінен 7-сі тізімдегі алғашқы 20 университеттің қатарында орын алды.
Стар газеті «Жергілікті көмір ақшаға айналады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мұнай мен табиғи газ іздеу жұмыстары артып отырғанда, көмір мен жылу электр станциялары да жаңа қолдау жүйесінде алдынғы тақырыптардың басында орын алады. Осы аяда 30 миллиард долларлық инвестициялар жобаланады. Энергия басқармасы болса кен өндірісіндегі табысын 20 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алады.
Миллийет газеті «Әлемде 92 қалада қолданылған жүйе Стамбұлға келеді» атты хабар жарияланған.
Хабарға қарағанда 92 қалада құрылған такси жүйесі «Такси шақыру орталығы және басқару механизмі» жобасы Стамбұлда іске қосылады. Жобамен айдаушы және жолаушы қауіпсіздігінің арттырылуы, көлік қатынасы себепті стресс және дауыс ластығын азайту, жанармай шығындарын азайту және қоршаған ортаны ластаудың алдын алу нысанаға алынады.
Хүррийет газеті «Біздікі соғыспен басталған бір құрметтеу хикаясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиямен шамамен 12 мың шақырым қашықтықтағы Австралияның ынтымақтастығы Чанаккале қаласына қарасты Галлиполь төбесінде соғыс майданында басталды. Бірақ қақтығыспен басталған алғашқы кездесу орнын «алыс бірақ достықпен» қаланған бір ынтымақтастыққа айналды. Осы алғашқы кездесудің 100 жылдығына орай 2015 жылы бойынша «Түркияда Австралия жылы» тақырыбымен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Мақсат екі қоғамды бір-біріне жақындастыру.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар