АҚШ-тағы шабуылда 5 кісі қаза тапты
Луисвилл қаласында жасалған қарулы шабуылда 5 адам қаза тауып, 6 адам жараланғаны, шабуылшының залалсыздандырылғаны білдірілді.
1972680
Америка Құрама Штаттарының Кентукки штатының Луисвилл қаласында жасалған қарулы шабуылда алғашқы анықтауларға қарағанда 5 адам қаза тауып, 6 адам жараланды, шабуылшының залалсыздандырылғаны жарияланды.
Луисвилл Полиция департаменті Твиттер парақшасындағы мәлімдемесінде шабуылды растады.
Мәлімдемеде: "Оқиға болған ауданнан алыс болыңыз. Оқиға орнына Барлау ұйымының қызметкерлері жолданды", - деп ескерту жасалды.
Сонымен бірге 625 мың адам тұратын қала орталығындағы банктің жанында полициялардың адамдарды алыстатып жатқаны байқалған.
Кентукки штатының әкімі Энди Бешир шабуылдан кейін аймаққа барды.