Индонезияда су тасқыны салдарынан 58 адам қаза тапты

Индонезияның Батыс Суматра уәлаятында муссондық жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 58-ге жетті.

2140019
Индонезияда су тасқыны салдарынан 58 адам қаза тапты

Индонезияның Батыс Суматра уәлаятында муссондық жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 58-ге жетті.

Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің баспасөз хатшысы Абдул Мухари жүздеген үйді су басқанын және 1500-ден астам отбасының аймақтан эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Іздеу-құтқару қызметкерлерінің тағы да мәйіт табуынан кейін қаза тапқандар санының 58-ге жеткенін білдірген Мухари 33 жаралының да ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Мухари хабарсыз кеткен 35 адамды табу үшін ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған іздеу-құтқару жұмыстарының қайта басталғанын хабарлады.

Зардап шеккен аудандарда жылжымалы асханалар мен жылжымалы су тазарту қондырғылары орнатылды.

Мерапи жанартауы алғаш рет 3 желтоқсанда атқылаған еді.



Ұқсас жаңалықтар