ЕО жаңа миграция және паналау ережелерін қабылдады

Николь де Мур «ЕО тұрақты емес көші-қонның негізгі себептерімен күресу үшін үшінші елдермен ынтымақтастық жасайды» деді.

2139765
ЕО жаңа миграция және паналау ережелерін қабылдады

Көпжылдық талқылаудан кейін Еуропалық Одақ (ЕО) жаңа миграция және паналау ережелерін қабылдады.

Кеңестің Көші-қон және баспана туралы жаңа келісімді бекіткені жарияланды.

ЕО-ның кезекті төрағасы Бельгияның Баспана және көші-қон министрі Николь де Мур «Бұл жаңа ережелер еуропалық баспана жүйесін тиімді қылады және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттырады. ЕО тұрақты емес көші-қонның негізгі себептерімен күресу үшін үшінші елдермен ынтымақтастық жасайды» деді.

Сайлау науқандарының маңызды элементтерінің бірі миграция және паналау құқығына қатысты мұндай шешімнің Еуропарламент (ЕП) сайлауына 3 апта қалғанда қабылданғаны назар аударарлық болды.

10 сәуірде ЕП мақұлдаған келісім ЕО-ның ресми журналында жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Іске асыру тек 2026 жылы ғана басталуы мүмкін. Мүше мемлекеттер келісімді 2 жыл ішінде өздерінің ұлттық заңнамаларында қабылдауы керек.

КЕЛІСІМНІҢ МАЗМҰНЫ

Жаңа келісім негізінен көші-қон ауыртпалығын мигранттар бірінші баратын елдерден алып тастауды және оны барлық мүшелер арасында бөлуді көздейді.

ЕО-ның сыртқы шекараларын нығайту, паналау туралы өтініштерді жылдам нәтижелендіру, өтініштері қабылданбағандардың елдеріне қайтарылуын жеделдету және бастапқы елдермен ынтымақтастықты арттыру сияқты мақсаттары бар келісімге сәйкес, ЕО-ға келгеннен кейін бірнеше күн ішінде мигранттардың куәліктері анықталады және олардың мәліметтері ЕО дерекқорында сақталады. Ослайша бұл адамның қауіп төндіріп төндірмейтіні және олардың қалуына рұқсат беріліп берілмейтініне шешім қабылданады. Қауіпсіз деп қабылданбаған адамдар өз еліне немесе транзит ретінде қолданылған елге тезірек депортацияланады.

Көші-қон және паналау мәселесі қазіргі уақытта 1990 жылы Ирландияның астанасында қол қойылған Дублин конвенциясымен реттеліп отыр.



Ұқсас жаңалықтар