Ауғанстанда тасқыннан 10 кісі мерт болды

Су тасқынында 10 адамның қаза болғанын атап көрсеткен Рахими 76 адамның жараланғанын білдірді.

1967996
Ауғанстанда тасқыннан 10 кісі мерт болды

Соңғы аптада Ауғанстанның 23 уәлаятында су тасқынынан 10 адам қаза тапты.

Талибан үкіметінің табиғи апаттармен күрес жөніндегі мемлекеттік министрлігінің бас хатшысы Рахими баспасөзге берген мәлімдемесінде Ауғанстанның 23 уәлаятында өткен аптада жаңбыр салдарынан су тасқыны болғанын айтты.

Су тасқынында 10 адамның қаза болғанын атап көрсеткен Рахими 76 адамның жараланғанын білдірді.

Рахими су астында қалған 1800 үй жарамсыз болып, 22 мың гектар егістік алқаптың қирап қалғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Рахими ең көп шығынның Перван және Белх уәлаяттарында болғанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар