Блинкен мен Лавров сөйлесті

Блинкен мен Лавров арасындағы кездесу шамамен 10 минутқа созылды.

1954060
Блинкен мен Лавров сөйлесті

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сыртқы істер министрі Энтони Блинкен мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Үндістанның астанасы Нью-Делиде G20 Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында қысқа кездесу өткізді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілдері жасаған мәлімдемеге қарағанда Блинкен мен Лавров арасындағы кездесу шамамен 10 минутқа созылды.

Аты-жөнін атамауды өтінген америкалық лауазым иесі Блинкеннің әріптесі Лавровқа АҚШ-тың соғыс аяқталғанша Украинаны қолдауын жалғастыратынын айтқанын білдірді.

Лауазым иесінің айтуынша Блинкен Ресейдің «Жаңа START» ядролық келісімінен шығу шешімінен бас тартуын сұрады, сонымен бірге АҚШ азаматы тұтқын Пол Уиланды босату талабын Лавровқа жеткізді.

АҚШ лауазым иесі кездесуден кейін Блинкенде Ресейдің жақын арада ұстанымында қандай да бір өзгеріс болатыны жайлы әсер болмағанын атап өтті.

Басқа жағынан Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Блинкен мен Лавровтың G20 екінші сессиясы аясында жүріп бара жатып сөйлескенін айтты. Захарова "Блинкен Лавровпен сөйлескісі келді. Лавров (Блинкенмен) жүріп бара жатып сөйлесті. Ешқандай келіссөз, кездесу және ондай нәрсе болған жоқ" деді.



Ұқсас жаңалықтар