Иранда жер сілкінісі

Қаза тапқандар саны үшке жетті.

1939278
Иранда жер сілкінісі

Иранның Батыс Әзербайжан уәлаятының Хой қаласында алдынғы күні болған 5,8 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 3-ке, жараланғандар саны 973-ке жетті.

«Fars News» агенттігіне сұхбат берген Хой әкімі Зебихулла Казими жер сілкінісінен қаза тапқандар саны үш адамға жеткенін атап өтті.

Иранның төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Муктеба Халиди де жараланғандар санының 1000-ға жақындағанын мәлімдеді.

Халиди «Қазірге дейін Хойдағы жер сілкінісі бойынша Батыс Әзербайжан уәлаятының  ауруханаларына 973 адам жүгінді» деді.

Өңірдегі жер сілкінісінен зардап шеккен 70 ауылға көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр.



Ұқсас жаңалықтар