Нью-Йоркта қарлы боранда 3 кісі мерт болды

Нью-Йорк қаласының әкімі Кэти Хочул АҚШ президенті Джо Байденнен «Федералдық төтенше жағдай» жариялауды сұрайтынын мәлімдеді.

1908632
Нью-Йоркта қарлы боранда 3 кісі мерт болды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк штатының батыс және солтүстік аймақтарында әсер еткен қарлы боран салдарынан 3 адам қаза тапты.
Қардың қалың жаууы, әсіресе Буффалода, Нью-Йоркте өмірге ауыр әсер жасады.

Жұма күні кештен бастап жауған қардың қалыңдығы көптеген өңірлерде 1.8 метрден асып, көліктер жолда қалды.

Қарлы боран салдарынан қалада екі адам жүрек талмасынан қайтыс болды.

Индиана штатының Гамлет қаласында көлігі қар үйіндісіне соғылып, бір адам қаза тапты.

Нью-Йорк қаласының әкімі Кэти Хочул АҚШ президенті Джо Байденнен «Федералдық төтенше жағдай» жариялауды сұрайтынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар