Ресей кейбір компаниялармен ынтымақтастықты тоқтатты

Ресей шетелдік 74 компаниямен әскери-техникалық ынтымақтастығын тоқтатты.

1903766
Ресей кейбір компаниялармен ынтымақтастықты тоқтатты

Ресей «дос емес» деп атаған елдердің 74 компаниясымен әскери-техникалық ынтымақтастықты тоқтатты.

Ресей үкіметі жасаған мәлімдемеде «Дос емес елдердің 74 компаниясымен әскери-техникалық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде санкция шешімі қабылданғаны» атап көрсетілді.

Шешім бойынша АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада, Болгария, Литва, Словакия, Польша, Чехия, Черногория және Эстонияның кейбір компанияларымен ынтымақтастық тоқтатылды.

Мәлімдемеде шешімінің Ресейге санкция жасайтын елдерге қарсы шара ретінде қабылданғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар