Путин әскер санын 137 мыңға көбейту туралы қаулыға қол қойды

«Ресей Құқықтық ақпарат» порталында аталмыш қаулы жарияланды.

1872429
Путин әскер санын 137 мыңға көбейту туралы қаулыға қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин келесі жылдың басына дейін Ресей армиясындағы әскер санын 137 мыңға көбейту туралы қаулыға қол қойды.

«Ресей Құқықтық ақпарат» порталында жарияланған қаулыға қарағанда Путин Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің жеке құрамының 1 миллион 150 мың 628-і әскер, барлығы 2 миллион 39 мың 758 адам болуын бұйырды.

Жаңа шешімге қарағанда, 2023 жылдың басына дейін Ресей армиясындағы әскер саны 137 мыңға өседі.

2017 жылдың 17 қарашасында жарияланған алдыңғы шешімге сәйкес, Ресей Қарулы күштері құрамын 2018 жылдың басына дейін 1 миллион 13 мың 628-әскер, барлығы 1 миллион 902 мың 758 қызметкерден құру туралы бұйырылған еді.



Ұқсас жаңалықтар