Орыс армиясы 26 мың әскерден айырылды

Орыс армиясының шығыны күн өткен сайын көбеюде.

1824555
Орыс армиясы 26 мың әскерден айырылды

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 26 мың әскер, 199 ұшақ, 158 тікұшақ және мың 170 танкі жойылғанын хабарлады.

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 24 ақпан мен 10 мамыр арасындағы шығындары жайлы жасаған мәлімдемесінде Украинаға шабуылдаған Ресей армиясының соңғы 24 сағатта 350 әскерінен тағы айырылғанын жариялады.

Мәлімдемеде: "Ресей армиясы жалпы 26 мың әскерден айырылды. 199 ұшақ, 158 тікұшақ,  1170 танк, 2 мың 808 сауытты көлік, 519 зеңбірек, 185 зымыран соғар жүйесі және 87 әуеден қорғаныс жүйесі жойылды" деп көрсетілді.

Орыс күштері 1980 көлік, 12 кеме мен қайық және 380 ұшқышсыз әуе көлігінен де айырылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыздағы мәлімдемесінде Украинада 1351 әскері қаза тапқанын хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар