Украинада 1417 кісі қаза тапты

БҰҰ 24 ақпан-2 сәуір күндері арасында Украинадан 4 миллион 176 мың 401 босқынның көрші елдерді паналағанын білдірді.

1806371
Украинада 1417 кісі қаза тапты

Ресей-Украина соғысында Украинада кем дегенде 1 мың 417 бейбіт тұрғын қаза тапқаны білдірілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам Құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссариатынан жасалған мәлімдемеде Ресей-Украина соғысында 24 ақпан мен 2 сәуір арасында Украинада кем дегенде 1 мың 417 бейбіт тұрғын қаза тапқаны, 2 мың 38 бейбіт тұрғынның жарақат алғаны білдірілді.

Украинадағы босқын дағдарысына қатысты әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтер бөлісілді.

Бейбіт тұрғындардың көбі ауыр зеңбірек, зымыран тасығыш жүйелерімен бомбалау және әуе шабуылдары сияқты көлемді жарылғыш қаруларды қолдану барысында қаза тапқаны білдірілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бұлардың анықталған санақ екенін және Украина ұйымдарының санағына қарағанда шығынның тіпті көп екенін хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариатынан жасалған мәлімдемеде Украинадағы босқын дағдарысына байланысты түрлі хабар көздерінен жинақталған мәліметтер бөлісілді.

Мәлімдемеде 24 ақпан-2 сәуір күндері арасында Украинадан 4 миллион 176 мың 401 босқынның көрші елдерді паналағаны атап көрсетілді.

Соның ішінде Польшаға 2 миллион 429 мың 265 босқын қоныс аударды.

Румынияға 635 мың 816, Молдавияға 392 мың 933, Венгрияға 385 мың 783 және Словакияға 298 мың 183 адамның өткені білдірілген мәлімдемеде Донецк пен Луганск аймақтарынан 21-23 ақпан күндері 113 мың адамның Ресейге өтіп кеткені бөлісілді.

БҰҰ-ға қарасты Халықаралық Көші-қон ұйымы Украинада ел көлемінде де 6,5 миллион бейбіт тұрғынның босқынға ұшырағанын, осылайша көрші елдерге қоныс аударған украиналық босқындар санының жалпы 10 миллионға жеткенін хабарлаған болатын.

Украинадан көрші елдерге өткен босқындардан жүзмыңдаған кісінің Еуропадағы басқа елдерге өткені мөлшерленуде.



Ұқсас жаңалықтар