Зеленский елінің Еуроодаққа қосылу өтінішіне қол қойды

Зеленский: "Ресейдің Украина халқына қарсы соғысында 4 күнде 16 бала қаза тапты және 45 бала жараланды" деді.

1787259
Зеленский елінің Еуроодаққа қосылу өтінішіне қол қойды

Украина президенті Владимир Зеленский елінің Еуропа Одағына қосылу өтінішіне қол қойды. 

Владимир Зеленский Telegram арнасындағы мәлімдемесінде.

"Еуропа Одағына қосылу өтінішіне қол қойдым. Мұның шындығына сенімдімін" деді.

Ресейдің Украина халқына қарсы соғысы жалғасқанын айтқан Владимир Зеленский:

"Ресейдің Украина халқына қарсы соғысында 4 күнде 16 бала қаза тапты және 45 бала жараланды" деді.

Батыс елдерінің Украинаға қолдауы жалғасқанын айтқан Зеленский Ресейдің шабуылдағы шығыны да ауыр екенін білдірді.

Владимир Зеленский:

"4 мың 500 орыс әскері өлтірілді. Қару-жарақтарыңды тастап, үйлеріңе қайтыңдар. Қолбасшыларыңа және ұрандауларына сенбеңдер. Өздеріңді құтқарыңдар" деді.



Ұқсас жаңалықтар