Израиль әскерлері бір палестиналықты атып өлтірді

Израиль күштері басқыншылық астындағы Шерияның батысында бір палестиналықты атып өлтірді.

1734486
Израиль әскерлері бір палестиналықты атып өлтірді

Куәгерлер Израиль күштерінің кейбір палестиналықтарды тұтқындау үшін Шерияның батысындағы Тубас қаласына басып кіргенін хабарлады.

Израиль күштерінің өздеріне қарсы шыққан жастарға оқ атып, көз жасаурататын газбен шабуылдағаны, жастардың болса әскерлерге тас лақтырғаны атап көрсетілді.

Куәгерлердің айтуынша қарбалас кезінде оқпен жараланған Саддам Бени Авде (26) Тубас түрік мемлекеттік ауруханасына жеткізілді.

Тубас түрік мемлекеттік ауруханасы ақпарат көздерінің мәліметіне қарағанда, Бени Авде сол жақ иығынан жүрегіне тиген оқ салдарынан қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар