Путиннің арнайы өкілі Александр Лаврентьев Палестинада

Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас орыс арнайы өкілін Рамаллахта қабылдады.

1353458
Путиннің арнайы өкілі Александр Лаврентьев Палестинада

Ресей президенті Владимир Путиннің арнайы өкілі Александр Лаврентьев АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс бейбітшілік жоспарының қабылданбайтынын атап көрсетті.

Палестина ресми хабар агенттігі WAFA-ға қарағанда Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас орыс арнайы өкілі Александр Лаврентьевті басқыншылық астындағы Батыс Шарияның Рамаллах қаласындағы президенттік резиденциясында қабылдады.

Аббас аталмыш жоспардың араб және ислам мемлекеттері тарапынан «халықаралық заңдар мен құқықтың барлық үкімдері мен 1967 жылғы шекаралар бойынша бас қаласы Шығыс Иерусалим болған тәуелсіз бір Палестина мемлекетін құруды мақсат еткен процеске соққы енгізгені» себепті қабылдамағандарын атап көрсетті.

Аббас Ресейдің де аталмыш бейбітшілік жоспарын кері қайтаруын және халықаралық мекемелерге бағыныштылығын ортаға қоятын ұстанымын мақтан тұтқандарын білдірді.

Путиннің арнайы өкілі Лаврентьев болса елінің Палестина мәселесінің шешіміне бағытталған ұстанымын сынға алып, Халықаралық құқықты іске қосу аясында екі мемлекетті шешім негізіне бағынышты екендерін білдірді.

Лаврентьев АҚШ президенті Дональд Трамптың аталмыш бейбітшілік жоспарына тоқталып, «АҚШ-тың жоспарын іске асыру мүмкін емес» деді.

АҚШ президенті Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен 28 қаңтар күні Ақ Үйде өткізген ортақ баспасөз мәслихатында бір жақты Таяу Шығыс бейбітшілік жоспарын қоғамға жариялаған болатын.

Бұл аяда Иерусалимнің Израильдің «бөлінбейтін» бас қала ретінде қабылданатынын атап айтқан Трамп жоспардың тәуелсіз бір Палестина мемлекеті және палестиналықтар үшін «соңғы мүмкіншілік» екенін алға тартқан болатын.

Нетаньяху болса жоспарды «Израиль үшін өте үлкен және тарихи бір табыс» деп бағалаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар