Албанияда 6,4 балл күшінде жер сілкінісі болды

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда апатта 7 адам қаза тапты.

1312851
Албанияда 6,4 балл күшінде жер сілкінісі болды

Албания Жер ғылымдары, энергетика, су және қоршаған орта институты жер сілкінісінің Дырач қаласына 15 шақырым қашықтықта және жер қабатының 38 шақырым тереңдігінде, 6.4 балл күшінде тіркелгенін жариялады.

Денсаулық сақтау министрлігі жер сілкінісінде жарақат алған 180 адамның Тиран Мемлекеттік Университеті ауруханасында ем қабылдағанын, Дырачта болса 150 адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Инфрақұрылым және энергия министрі Белинда Баллуку мәлімдемесінде Дырач қала тұрғындарына жіберілген жедел құтқару көліктері мен өрт сөндіру топтарына кедергі жасамау үшін көліктерімен жолға шықпауға шақырды.

Ел көлемінде өрт сөндіру топтары мен қарулы күштердің іздеу құтқару жұмыстарына қолдау бергені білдірілді.

Албанияда 21 қыркүйек күні болған 5.8 балл күшіндегі жер сілкінісінде 132 адам жарақат алған, 600-ден астам ғимаратқа зиян келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар