Ресей үштік басшылар саммитіне дайындалуда

Әзірбайжан, Иран және Ресей басшылары алдымыздағы апта Сочиде бас қосады.

1250755
Ресей үштік басшылар саммитіне дайындалуда

Ресей тағы маңызды бір саммитке қонақжайлық жасауға дайындалуда.

Әзірбайжан, Иран және Ресей басшылары алдымыздағы апта Сочиде бас қосады.

Үш ел арасында үшінші рет ұйымдастырылған «Үштік мемлекет басшылары саммиті» аясында салмақты түрде Оңтүстік-Солтүстік коридоры, экономикалық ынтымақтастықтар, энергия ынтымақтастығы, террормен күрес және аймақтық тақырыптар қолға алынады.

Саммитте басшылар оңаша кездесулер де ұйымдастырады.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин кездесуінде Арменияның атысты тоқтатуды жиі бұзуы және Таулы Қарабах мәселесінің күн тәртіпке келуі ықтимал көрінеді.

Саммиттің соңында басшылардың ортақ декларация жариялауы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар