Пәкістанда мемлекеттік ту жартылай төменге түсірілді

Жаңа Зеландияда Пәкістанның 9 азаматы қаза тапты.

1166229
Пәкістанда мемлекеттік ту жартылай төменге түсірілді

Жаңа Зеландиядағы екі мешітке жасалған лаңкестікте 9 азаматынан айрылып қалған Пәкістанда мемлекеттік ту жартылай төменге түсірілді.

Крайстчерч қаласындағы екі мешітке жұма намазы кезінде ұйымдастырылған лаңкестікте қаза тапқан Пәкістан азаматтары үшін ту жартылай төменге түсірілді,  елде еске алу бұрыштары қалыптастырылды.

Пәкістан президенті Ариф Алви мен федералдық үкімет басшылары да қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың алтауының Крайстчерчте, қалған үш құрбанның Пәкістанда жерленетінін білдірді.

Құрбандардың мәйітін алу немесе Жаңа Зеландиядағы жаназа рәсімдеріне қатысқысы келетін отбасылар болса бүгін Лахор қаласынан ұшып кетті.



Ұқсас жаңалықтар