БҰҰҚК Иранның зымыран сынағы үшін жиналды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰҚК) сынақтан баллистикалық зымыран өткізуген Иранның зымыран бағдарламасын талқылады.

1100844
БҰҰҚК Иранның зымыран сынағы үшін жиналды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰҚК) сынақтан баллистикалық зымыран өткізумен айыптаған Иранның зымыран бағдарламасын талқылау үшін жиналды.

Ұлыбритания мен Францияның сұранысымен жиналған БҰҰҚК жабық отырыста Иранның зымыран сынағы жасағаны жайлы қауесеттерді қолға алды. АҚШ Иранды зымыран сынақтары себепті айыптауға шақырды.

Иранның БҰҰҚК шешімдерін бұзғанын алға тартқан АҚШ-тың БҰҰ тұрақты өкілі Никки Хэйлижиналыс алдында жасаған жазбаша мәлімдемеде Иранның соңғы зымыран сынағының қауіпті және уайымдарды арттырғанын атап, Тегеранның ‘провокация мақсатты зымыран сынағын’ айыптауға шақырды.

Ұлыбритания БҰҰ тұрақты мүшесі Карен Пиерс болса Иранның зымыран сынағының БҰҰҚК шешімдеріне қарама-қайшы екенін білдірді.

Француз өкілетті елші Франсуа Делаттре болса Ұлыбританиямен бірдей уайымда екендерін атап, Иранға баллистикалық зымыранмен байланысты барлық жұмыстарын тоқтатуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар