Иран ядролық келісімнің шарттарына бағынуда

Халықаралық Атом Энергия Агенттігі Иранның ядролық келісімнің шарттарына бағынғанын білдірді.

1040566
Иран ядролық келісімнің шарттарына бағынуда

Халықаралық Атом Энергия Агенттігі (ХАЭА), Иранның Ауқымды Ортақтық Жоспары (АОЖ) ретінде аталған ядролық келісімнің шарттарына бағынғанын білдірді.

Халықаралық Атом Энергия Агенттігінің Иранның атомдық жұмыстарымен байланысты дайындаған рапортында инспекторлардың ядролық келісім және қосымша хаттамалары аясында Иранда бақылауға тиісті барлық орындарды толық тексеруге мүмкіншілік тапқанын білдірді.

Инспекторлар Тегеранның ауыр су және төменгі деңгейде байытылған ұран жинақтауының келісімге сәйкес белгіленген ережелер аясында екенін растады.

Иран мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшесіне (АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Ресей) қоса Германия арасында АОЖ деп аталған ядролық келісім 2015 жылы 14 шілде күні Австрияның бас қаласы Венада қол қойылған болатын.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп елінің Иранмен жасалған ядролық келісімнен бас тартып, Тегеранға бір жақты санкцияларын 7 тамыз күні іске қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар