Иранда Шираз қала әкімі өлтірілді

Шираз қаласы әкімі Реза Масуди үйінде белгісіз біреулердің қолынан қаза тапты.

2138728
Иранда Шираз қала әкімі өлтірілді

Иранның Парсы уәлаятына қарасты Шираз қаласы әкімі Реза Масуди үйінде белгісіз біреулердің қолынан қаза тапты.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша Масудидің өлтірілгені туралы Шираз қалалық Мәжілісінің залында жарияланған.

Жергілікті БАҚ-та Месудидің өлігінің кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00 шамасында Шираз қаласындағы Шахид Агайи көшесінде орналасқан үйінде табылғаны хабарланды.

Әкімнің қалай өлтірілгені туралы әзірге толық ақпарат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар