Израильге қарсы шерулер жалғасуда

Голландияда  көбісі әйелдерден құралған топ палестиналық аналарды қолдау үшін шеру өткізді.

2138836
Израильге қарсы шерулер жалғасуда
hollanda anneler gunu filistin destek.jpg
irlanda university college dublin filistin.jpg
cenevre universitesi filistin destek.jpg
hollanda'da anneler gunu filistin destek.jpg
hollanda'da anneler gunu filistin destek.jpg

Әлемнің көптеген елдерінде мыңдаған адам Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына наразылық білдіру үшін көшеге шығып жатса, университеттерде Палестинаға қолдау көрсету шерулері жалғасуда.

Голландияда  көбісі әйелдерден құралған топ палестиналық аналарды қолдау үшін шеру өткізді.

Роттердам қаласында мыңдаған адам кепенге оранған сәбилердің макеттерімен шеруге шықты.

«Аналар геноцидке қарсы» деп аталатын шеруде Израильге қарсы ұрандар айтылды.

Палестинаға қолдау көрсету шерулері Германияның астанасы Берлинде де өтті.

Израильдің Газаға жасаған шабуылдары мен Германияның Израильге қару сатуына наразылық білдірді.

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы шеруге полиция араласты.

Полиция шеруді таратып, көп адамды қамауға алды.

Көптеген елдерде университет студенттерінің Палестинаға қолдау көрсету шерулері жалғасуда.

Ирландияда Дублин университетінің студенттері Газа секторымен ынтымақтастығын көрсету үшін кампуста лагерь құрды.

Лозанна университетінің студенттері де «Бәріміз Газа балаларымыз» ұранымен Израильдің Газадағы қырғынына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар