Венесуэлада 7,3 балдық жер сілкінісі

Венесуэланың солтүстік шығыс жағалауында 7,3 балдық жер сілкінісі болды.

1036089
Венесуэлада 7,3 балдық жер сілкінісі

1900 жылынан бері елдегі ең қарқынды жер сілкінісі болып тіркелген табиғат оқиғасының артынан көптеген ғимараттың тұрғыны эвакуацияланды.

Кумана қаласында болса бір сауда орталығының лифті үзіліп құлады, лифтке мінгендер жарақат алды.

Жер сілкінісін Колумбия, Гвиана, Барбадос, Гренада сияқты көрші мемлекеттер де сезінді.

Колумбияның астанасы Боготада халықаралық әуежайы уақытша рейстердің ұшуына жабылды.

Венесуэла Ішкі істер министрі Нестор Луис Реверол (Néstor Luis Reverol) алғашқы мағлұматтарға қарағанда адам шығыны болмағанын, бірақ жаралылар бар екенін және материалды зиян келгенін жариялады.

Екінші бір жер сілкінісі болса Тынық мұхиттың оңтүстігіндегі Вануата аралдарында болды. Лауазымдылар жер сілкінісінің 6,7 бал ретінде тіркелгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар