Трамптан жаңа жазба

«Дереу де бомбалауымыз мүмкін,  бомбаламауымыз да мүмкін» деді ол.

950033
Трамптан жаңа жазба

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Твидтерден Сирия жөнінде жазба жариялады.  «Дереу де бомбалауымыз мүмкін,  бомбаламауымыз да мүмкін» деді ол.

Дональд Трамп кеше әлем күн тәртібінде салмақты орын алған жазбаларынан кейін жеке есебінен бүгін де жазба жариялады. Трамп: «Сирияны қашан бомбалайтынымызды айтқан жоқпын.  Дереу бомбалауымыз да мүмкін,  бомбаламауымыз да мүмкін.  Себебі менің басшылығымда АҚШ аймақтан ДАИШ-ты қуып шығу үшін үлкен істер атқарды.  «Рахмет, Америка» деген сөз қайда?» деп жазды.

АҚШ президенті Трамп Сирияның Дума ауданында 7 сәуір күні болғаны алға тартылған химиялық шабуыл хабарларынан кейін алдымен Сирия басшысы Башар Асадқа «айуан» деген болатын.

Трамп кеше де «Ресей Сирияға лақтырылатын зымырандарды атқылаутынын айтқан.  Дайын бол, Ресей.  Себебі жаңа,  ақылды зымырандар келеді.  Халқын газбен өлтірген бір айуанмен ортақ болмауың керек еді» деді.



Ұқсас жаңалықтар