Уруми көлі соңғы 1 жылда 23 шаршы километрге кішірейді

Ирандағы Уруми көлі қуаңшылық салдарынан 1 жылдың ішінде 23 шаршы километрге кішірейді.

947456
Уруми көлі соңғы 1 жылда 23 шаршы километрге кішірейді

Иран студент ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарына қарағанда Уруми көлін Жандандыру мекемесінің Батыс Әзірбайжан директоры Фархад Шерхош қуаңшылықтың өткен жылы да көлде үлкен су тапшылығына себеп болғанын атап көрсетті.

Серхош «Уруми көлінің қамтыған қазіргі аумағы 2 мың 276 шаршы шақырым. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 шаршы километр азайғанын көрсетеді» деді.

Ирандық лауазымды көлдің тереңдігінің де өткен жылмен салыстырғанда 2 сантиметр азайғанын атап көрсетті.

Әлемнің екінші үлкен тұз көлі деп аталған Уруми көлі Иранның солтүстік батысында  Батыс Әзірбайжан мен Шығыс Әзірбайжан уәлаяттарының арасында орын алады.

Атын Әзірбайжан түріктер мен күрдтер жиі өмір сүрген Уруми қаласынан алған көл қуаңшылық алдында 5 мың 200 шаршы шақырым болатын. Ең терең жері 16 метр болған көл енді кішірейді.

Көлдің құрғауы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығынан күн көрген жергілікті халыққа кері әсер етуде.

Қуаңшылықпен күрескен көлді қайта жандандыру Иран елбасы Хасан Руханидің сайлау науқанында айтқан уәделерінің бірі еді.

Рухани үкіметі мамыр айында қайтадан сайланған соң көлді 10 жылдың ішінде бұрынғы қалпына келтіру үшін 6 миллиард долларлық бюджет бөліп, елдің ең үлкен қоршаған орта жобасын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар