Газада 35 мың 303 палестиналық қаза тапты

Израиль армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар 35 мың 303-ке жетті.

2140888
Газада 35 мың 303 палестиналық қаза тапты

Израиль армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны соңғы 24 сағатта 31-ге артып, 35 мың 303-ке жетті.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израильдің 224 күннен бері Газа секторында жасап жатқан шабуылдары туралы ақпарат берілді.

Израиль армиясының соңғы 24 сағатта Газаның түрлі аймақтарына жасаған шабуылдарында 4 қырғын жасағаны, бұл шабуылдарда тағы 31 палестиналықтың қаза тапқаны және 56 палестиналықтың жараланғаны атап өтілді.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар санының 35 мың 303-ке, жараланғандар санының 79 мың 261-ге жеткені атап өтілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы соңғы 10 күнде Израильдің шабуылдары салдарынан Газа секторында 700 мыңнан астам палестиналықтың күшпен қоныс аударылғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар