Си Цзиньпин Ресей президенті Путинмен кездесті

Си Цзиньпин ел астанасы Бейжіңде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

2140535
Си Цзиньпин Ресей президенті Путинмен кездесті

Си Цзиньпин 2 күндік сапарының бірінші күні ел астанасы Бейжіңде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Қытай Мемлекет басшысы Си Цзиньпин өз елі мен Ресей үшін стратегиялық үйлестіру мен ынтымақтастықты дамытып, әлемнің көп полярлылық үрдісін ұстану «ортақ стратегиялық таңдау» екенін айтты.

Қытай Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Қытай Мемлекет басшысы Си Цзиньпин 2 күндік сапарының бірінші күні ел астанасы Бейжіңде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Кездесу барысында Си Цзиньпин биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 75 жыл толып отырғанын еске салып, арадағы үш ширек ғасырда қарым-қатынастар «бейбітшілік пен құлдырауға қарамастан бірте-бірте күшейе түскенін»  және  «өзгермелі халықаралық ортаның сынағынан өткенін» баяндады.

Си Ресей басшысымен осы жылдар ішінде 40-тан астам рет кездесіп, тығыз қарым-қатынаста болғанын және бұл екі ел қарым-қатынасының берік, тұрақты және қиындықсыз дамуы үшін стратегиялық бағдар екенін атап көрсетті.

Си Цзиньпин «Бүгінгі таңда Қытай мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар қиын талпыныс нәтижесінде қол жеткізілді» деді.



Ұқсас жаңалықтар